Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Медсақтандыруға қаржы төлемегендер не істейді?

Медсақтандыруға қаржы төлемегендер не істейді?

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов тұрғындарды толғандырып жүрген бірқатар сұраққа жауап берді. Басқарма басшысы 1406 Call-орталыққа қоңырау шалған тұрғындармен сөйлесіп, кеңес берді.


Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, қаңтардан бастап Call-орталық тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін. Орталыққа бүгінге дейін 20 мыңнан астам тұрғын хабарласып, ақпарат алған. Халықты көбіне мединалық сақтандыру аясында қандай қызмет көрсетілетіні, мемлекет тарапынан тегін берілетін көмек жайындағы сұрақтар мазалайды.
«Кейбір азаматтар өзінің құқығын білмейді. Жұмыссыз отырған азаматтардың жұмыссыз болып тіркелуге құқығы бар. Мүгедек азаматтар мүгедек болып тіркелген жағдайда, мемлекеттен тегін көмек алады», - деді Айбатыр Жұмағұлов.Оның айтуынша, бірінші сәуірге дейін кез келген адам сақтандырылғандар тізімінде тұрады. Алайда, сәуірден кейін медициналық сақтандыру қорына жарна төлемегендердің (соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтитындар – авт.) басы ауырып, балтыры сыздаса МӘМС жүйесіндегі қызметтерді ала алмайды.
«Бірінші сәуірге дейін барлық адам сақтандырылғандар тізімінде болады. Сол мерзімге дейін медициналық ұйымдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тізіміне жататын қызметтерді көрсетеді. Егер азамат сәуірде емханаға келіп, дәрігерге қаралғысы келсе, ол міндетті түрде қаңтардан бастап төлем жасауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, МӘМС-ке жататын қызметтер қолжетімсіз болады. Мәселен, азамат сәуірге дейін үш айдың жарнасын (қаңтардан бастап – авт.) төлемеген болса, ол сома қарыз болып есептеледі. Сондай-ақ жиналған қарызды бір күнде төлеуге мүмкіндік бар. Біз әр медициналық ұйымға талап қойып отырмыз. Кез келген медициналық ұйымда төлем жүйесі болу керек. Төлем жүйесінің бір түрі ретінде қаржылық терминалдар орнатылуы керек», - деді қор төрағасы.Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар бұрынғыдай бастапқы және шұғыл медициналық көмек алуға құқылы.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске қосылды. Бұл еліміздің әр азаматына қатысы бар реформа.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысу үшін не істеу керек?
Алдымен мәртебеңізді анықтайсыз. Әлеуметтік мәртебені egov.kz порталы арқылы білуге болады. egov.kz сілтемесі арқылы порталға кіргеннен кейін ЖСН енгізесіз. Содан кейін статустың бірін таңдайсыз: «Жұмыс істейді», «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа толмаған балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген» және «Мәртебесі анықталмағандар». Егер жұмыссыз болсаңыз, ХҚКО, Жұмыспен қамту орталығына немесе әкімдікке барып тіркелуіңіз керек.
Қорға қалай ақша аударуға болады?
Мемлекет қорға халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы үшін жарна төлейді. Яғни 15 санатқа кіретін жеңілдігі бар азаматтар МӘМС жүйесінде тегін ем-дом алады. Олар - балалар, зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, көп балалы аналар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала күтіміне байланысты демалыстағы аналар, мүгедектер және мүгедек балаларға күтім жасайтын адамдар, тіркелген жұмыссыздар, жұмыс істемейтін оралмандар, студенттер, интернат тәрбиеленушілері, тергеу изоляторларындағылар мен түрмедегілер.
10 ақпан 2020 ж. 1 032 0