№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Табиғи апатқа дайындық пысықталды

Табиғи апатқа дайындық пысықталды

Су тасқыны табиғи апат. Дегенмен табиғи апат екен деп, қол қусырып қарап отыруға тағы болмайды. Осыны ескерген аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің ұйымдастыруымен командалық-штабтық оқу-жаттығу шарасы өтті. Оған Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Адай Салыбеков, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Ғалымжан Ашимов және аталмыш басқарманың азаматтық қорғау капитаны Арман Дәстенов арнайы  қатысты.
Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның шапшаңдығында және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде. Осы бағытта төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында комиссия отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбековтың модераторлығымен өткен жиында ауылдық округ әкімдері мен сала басшылары да бой көрсетті. Осы күні екі бағытта өтетін шара барысы пысықталып,жиынның регламенті таныстырылды. Сонымен қатар Сырдария өзенімен келетін мол суды қауіпсіз өткізуге дайындық жұмыстарын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспары қоса талқыланды. Жиын барысында тиісті мамандар су деңгейінің қаншалықты көтерілгені жөнінде мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп отыратындығын жеткізді.
Одан әрі облыстық басқармадан келген мамандар мен аудандық бөлім басшылары оқу-жаттығу алаңынан табылды. Оларға арнайы бекітілген учаскелер мен бекітілген жауапты тұлғалардың жұмысы таныстырылып, мекемелерде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылатынынан хабардар етті. Айта кететіні, осы оқу-жаттығу жұмысына барлығы 215 адам мен 21 арнайы техника, 40 жүк көлігі жұмылдырылған болатын.
– 2019 жылы жергілікті бюджеттен 20 млн 468 мың теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілді. Ал биылғы жылға 45 млн.360 мың теңге көлемінде жоспарланған. Аудандық резервтік қорда 5000 дана қап, 850 дана қада, 100 дана күрек, 2 тн сым, 250 дана қарабура, 250 тн қой тастар,2500 дана қамыс бума мен 300 пресс сабан жинақталған. Сондай-ақ су қоймаларынан су басу қаупі бар учаскелерде тұрғындарды көшіру үшін  12 эвакуациялық жинақтау мен 12 қабылдау бекеті нақтыланған, – деді аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Шерхан Ашимов.
Оқу-жаттығу барысында Жаңақорған кентінің тұсынан өтетін Сырдария өзенінің сағасында су деңгейі көтеріліп, су басу қаупі туындағанда көрсетілетін алдын алу шаралары практикалық тұрғыда өткізіліп, 13 техника мен 50 адам жұмылдырылды.
Одан әрі таудан келген қарғын суды қауіпсіз аймаққа өткізу мақсатында «Ақүйік» өзенінің ұлтанын тазалау жөнінде практикалық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.Сонымен қатар Көлтоған су қоймасына жақын орналасқан Ақүйік ауылдық округінеқарасты Бірлік ауылында орналасқан «Бірлік ауылдық клуб» үйі төбесінде орналасқан дабыл белгісі мен ауылдық мешіт төбесіндегі дауыс көтергіш құрылғысы іске қосылып, жарамдылығы тексерілді. 
Осы ретте ауылдағы С.Қожанов атындағы №55 жалпы орта мектебінің   базасындағы №11 және кент ішіндегі №110 мектеп-лицейінің базасындағы №3 эвакуациялық қабылдау пунктерінің дайындығы пысықталды.
Оқу-жаттығу шарасының соңында төтенше жағдай комиссия отырысының хаттамасының 5 тармағына сәйкес облыстық басқарма басшыларының тарапынан мотопомпалар сатып алу жөнінде тапсырмалар берілді. Ал мұны аудан басшының орынбасары Адай Салыбеков ақпан айында өтетін сессия отырысына ұсынып, қаралатынын жеткізді. Осылайша айтып келмейтін апатты жағдайға байланысты өткізілген оқу-жаттығу жұмысына «жақсы» деген баға берілді.
Лаура АЙДАРХАН
01 ақпан 2020 ж. 950 0