№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

Әдеттегідей таңғы 9.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залына бөлім басшылары мен ауыл әкімдері түгел жиналды. Күннің күрт жылынуы, нөсерлі жаңбырдың әсерінен дария арнадан асып кету қаупі бар екенін ескерткен комиссия дайындықты бір пысықтап алды. Жаңақорған ауданы аумағындағы облыстық командалық-штабтық оқу жаттығуға қатысушыларға алдымен аудан әкімінің орынбасары Адай Салыбеков іс-шараның маңыздылығы мен бағыт-бағдарын түсіндірді.
Облыс әкімі бекіткен «2019 жылға арналған Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің Қызылорда облыстық аумақтық құрамдас бөлігін дайындау жөніндегі іс-шаралар» жоспарына сәйкес өткен жиынға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бас маманы Ш.Бердібаев қатысты. «Қыс және көктем кезеңінде су тасуының қолайсыз дамуы жағдайындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін жүргізілетін авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау» және «Таудан келген қарғын су алу қаупі туындаған немесе су алған кезеңдегі басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының іс-қимылы» тақырыбында ұйымдастырылған оқу-жаттығу кентте жалғасты.
Аудан әкімдігінің, азаматтық қорғау қызметтерінің қажетті арнайы техникаларының дайындығы мен инертті материалдарының нақты көлемдері түгенделіп, олардың қауіпті учаскелерге шоғырландырылуы тексерілді. Қаз-қатар тізілген құтқару тобының дайындығын тексерген коммисия мұндай дайындық жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады.
Айта кететіні, қазіргі таңда аудан көлемінде Сырдария өзеніне жақын қауіпті аймақтарда Жаңақорған кенті мен 11 ауылдық округте 60-қа жуық мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар орналасқан. Бұл қожалықтарда 40 мыңнан астам төрт түлік тіршілік етеді. Сондықтан, алқа отырысында ауыл әкімдеріне аудан әкімінің орынбасары дайындық жұмысына селқос қарамауға шақырды.
– Оқу жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайға әзірлігін тексеру мақсатында өтуде. Жерігілікті атқарушы органдардың қыс жағдайындағы төтенше жағдай туындаған кезіндегі өзара іс-қимылы пысықталды. Аравиялық құтқару қызметтерімен құрылымдарының әзірлігі тексерілді. Мұның барлығы қыс пен көктемде келетін қауіпті алдын алу, – деді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаров.
Иә, апат келмейді, демекші оқу жаттығу жұмысына ауыр техника, құқық қорғау қызметкерлері, өсімдікті қорғау бойынша, өрт сөндіру бөлімі және жедел жәрдем, азық-түлікпен қамтамасыз ету, ақпарат тарату және басқа да құрылымдар дайын. Егер апатты жағдай туындаған жағдайда 15 қызметтің түрі, 71 техникамен 200-ден аса қызметкер жұмылдырылады.
Айта кетерлігі, төтенше жағдай тек судан ғана келмейді, өрт пен газдан улану және басқа да жағдайдан туындайтыны ақиқат. Сондықтан, арнайы жасақ газдан уланған жағдайда қандай көмек көрсету керектігін көрсетсе, өрт жағдайындағы жаттығу жұмысы да тексерілді. Себебі, өрт жағдайы былтыр көп орын алды. Әсіресе, үй жағдайындағы өрт мәселесі қауіпті. Мәселен, былтыр жыл соңына дейін 50-ден аса өрттен шыққан деген мәлімет бар. Сондықтан, апаттың қай түірінен болсын қауіпке дайын болу артықтық етпейді.
Бүгінгі күні Шардара су қоймасынан төмен қарай секундна 450 текше метр су түсіп жатыр. Мамандар мұны орташа, яғни қалыпты деңгей деп түсіндіруде. Десе де, «қамдансаң қапы қалмайсың» демекші, әр нәрсеге дайын болған абзал...
Әли ТЕМІРБЕК.
03 ақпан 2019 ж. 1 578 0