Кейденге аяқсу қажет
Кейден ауылдық округінің әкімі Бақтияр Тоқтыбаев өз есебін ауыл тұрғындарының өтініш-тілегін жеткізумен бастады. Ауыл іргесіндегі «СКЗ-U» ЖШС, «Жаңақорған Транзит» ЖШС осында өндірілген ет, сүт өнімдерін тұтынса деген ниетінің бар екендігін жеткізді. Бұл округтің әлеуметтік экономикалық жағдайының өсуіне оң әсерін тигізері анық.
Дария деңгейінен жоғары тұрған елді мекенде аяқсу мәселесін ақсап тұр. Жылдан – жылға егін көлемінің ұлғаюы және жастардың кәсіпкерлікпен көптеп айналысуы мен жұмыс аясы кеңіп, бұған дейінгі бір ғана насостың күші жетпейтінін көрсетіп отыр. Тағы насос қойылса деген тілегінің бар екенін жасырмады.
2019 жылы округте кәсіпкерлікке бетбұрыс оң нәтижесін берді. Ауылдан шығатын «Кәусар» жүгері сусыны республикаға танымал ұлттық сусынға айналды. Кәсіпкерліктің ұлғаюы салық түсімінің артуына сеп болары анық. Осы сала бойынша ауылдық округте 41 кәсіпкер, 13 шаруақожалық тіркелген.
Заманның алға басуы халықтың талғамының өсуіне ықпал етеді. Ауыл тұрғындары аяқ су мен ауыз су мәселесі, электр жарығы басты мәселелеге айналып отырғандығын алға тартты.
Кейдендіктердің шағымына құлақ түрсек ауыл әкімінің халықпен байланысын одан әрі нығайту керек-ау деген тұжырым жасадық.