№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Көктөбеге аяқсу қажет

Көктөбеге аяқсу қажет


Жылдағы дәстүр бойынша аудан әкімі Сұлтан Мақашов ауыл тұрғындарына 2019 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп беруді бастады. Халықтың өмір сүру сапасы артқан сайын, талап пен талғам артатыны сөзсіз. Яғни ауылда мәселе жоқ емес. Тек соны басымдығына қарай жүйелеп, рет-ретімен шешкенде ғана ұтарымыз көп. Түркістанмен шекараласатын Көктебе ауылдық округінен басталған есептік жиында назарға осыны түйдік. Сонымен жұртты не алаңдатады, ел қандай мәселесін алға тартты. Соны сараптасақ...


Айта кететіні, бұл жиынға облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ильясов, аудан прокуроры Дарын Елтайұлы және аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары арнайы қатысты.
Алдымен Көктебенің өркендеп, өрістеуіне жауапты Боран Абуовтың есепті баяндамасына тоқталсақ. Елдің әл-ауқаты бизнесті дамытудың тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау арқылы өседі.
Өткен жылы салық түсімдері 623 174 теңгені құрады. Әрине шағын ауыл үшін қомақты қаржы болар. Бірақ 4 – деңгейлі бюджет бойынша есептегенде елді мекенді өз-өзін қажеттілікпен толық қамтамасыз етуге бұл қаржы жетпейді. Ол үшін не істеу керек? Әрине кәсіпкерлікті дамыту маңызды. Көктөбеде 15 жеке кәсіпкерлік нысан мен 2 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Оның ішінде, 7-і мал мен егін шаруашылығы саласында, қалғаны дүкен, монша, диірмен, наубайханада жұмыс жасайды. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 5-і оқыса, оның 3-і өз кәсібін дөңгелетуде.
«Етікші етікке жарымайды» дегендей магистральды каналдың басында тұрғанымен диқандар насос арқылы егістікті суарады. Көктөбеліктерді толғандыратын негізгі мәселе де осы. Былтыр 204 га жерден ризық-несібесін алды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 607,0 мың теңге қаралып, 550 метр құрайтын ішкі жолды жөндеу және абаттандыру жұмысына жұмсады. Аудандық электр қуатын тарату мекемесі ауылішілік 14 дана бағана және сырттан келетін жоғары кернеулі электр қуатын тарататын 10 дана бағананы ауыстырды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуда 17 отбасындағы 102 жанға 10561,9 мың тенге төленді.
Енді қордаланған мәселелерге тоқталсақ, бірінші кезекте, интернеттің жылдамдығы нашар екендігі сөз болды. Ауыл әкімі тиісті мекеме басшыларына қызметтік хат жазды. Бірақ мардымды жауап жоқ. Тұрғындар қолданыстан шыққан каналды қайта жаңғыртып, насос құрылғысын орнатып, аяқ сумен қамтамасыз етуді сұрады.
Қаратөбеліктер жақында ауылдағы трансформатордың істен шыққанын, бұл жөнінде «КРЭК» АҚ филиалы Жаңақорған аудандық электр торабы басшысының хабарсыз екенін айтты. Осы ретте аудан басшысы Шалқар Рақышевке ауыл-ауылды аралап, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуді тапсырды.
Ауыл тұрғыны Садық Құлманов қоғамдық жұмыста алты ай жұмыс істегенін, бірақ тиісті жалақысын алмағаны жөнінде шағымданды. Бұған дейін Көктөбедегі негізгі мәселенің бірі – жол-тұғын. Былтыр жол асфальттанды. Енді көліктің жылдамдығын шектейтін жасанды кедергілерге қажеттілік туындады. Мұны да ауыл тұрғындары жасырып қалмады.
Аудан әкімі Сұлтан Мақашов көтерілген мәселелерден құлағдар екенін, басымдығына қарай рет-ретімен шешілетінін жеткізді.


18 қаңтар 2020 ж. 610 0