Жаңарық жаңару жолында
Жаңарық ауылдық округінде өткен есептік жиында ауыл әкімі Ақжан Тұрғанбаев 2019 жылға ауылшаруашылығындағы тындырымды істерді саралап шықты.
2035 тұрғыны бар ауылда ауылшаруашылығы мақсатындағы жер – 7828 гектерді құрайды. 44 шаруақожалық жұмыс жасаса, 49 дара кәсіпкер тіркелген. Өткен жылы салықтың барлық түрінен түсім артығымен орындапты. Ауыл әкімінің есебінен кейін халық алдында сөз алған аудан басшысы өңір жетістіктерімен бөлісті. 321 түтіні бар ауылда шетін мәселелер де жоқ емес. Тұрғындарды алаңдатқан ауылға кіре берістегі көпір жайы екен. Ауыл тұрғындарынашындырған ащы шындық мал ұрлығының тыйылмай отырғандығын күйіне жеткізгендер көп болды.
Құқық бұзушылықққа байланысты заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы аудан прокуроры Дарын Елтайұлы енді мал ұрлаған жағдайда кешірім берілсе де қылмыскер 5-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын жеткізді. Мал ұрлығы орын алған жағдайда бұрынғыдай кешірім ала алмайтынын естіген жұртшылық барымташылықтың бағы тарқағанына сенімді.




