Спорт кешенінің іргетасы қаланды
Тұңғыш президент Н.Назарбаев бағдарламаларында спортқа терең мән беріліп, халықтың салауатты өмір салтымен айналысуы хақында аз-кем тоқталып өткен еді. Осыған орай бүгін Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылдық округінде дара кәсіпкер "Парасат и КО" Талғат Искаков мемлекеттік, жекеменшік әріптестік аясында спорт кешенінің ірге тасын қалау рәсімін бастады.
Шараға аудан әкімі Ғалым Әміреев және ауыл әкімшілігі басшылары және ардагерлер, жүзге жуық ауыл тұрғындары қатысты.
Шарада аудан әкімі Ғалым Әміреев сөз алып, бой көтеріп жатқан нысанның аудан тұрғындары үшін аса пайдалы екенін айта отырып, салауатты өмір салтына бейімделуге септігін тигізетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, биыл 300 орындық мектеп құрылысы басталатынын айтып өтті.
Талай сайыпқырандар шыққан киелі жерден осындай спорттық кешендердің ашылуы заңдылық. Ендеше, өскелең ұрпақ қамы үшін бой көтеріп жатқан спорттық кешен ел игілігіне жарасын деп тілейік.
Е.РАЙЫМБЕК.
Сурет авторы Н.Бакиров.