№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңақорған аудандық соты 2019 жылды қорытындылады

Жаңақорған аудандық соты 2019 жылды қорытындылады


«Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында заман талабына сай тиімді мемлекет болу үшін азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру-бәрімізге ортақ міндет екенін айта келе, Президент халықпен тиімді кері байланыс орнату қажеттігін айтты.
Осы орайда соттардың жариялылығын, ашықтығын қамтамасыз ету, халықтың сотқа деген сенімін арттыру мақсатында  Жаңақорған аудандық соты жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі М.Ғаниеваның қатысуымен 2019 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз  конференциясын өткізді.
Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, судьялар  И.Тұңғышбаев, Э.Рыскулов, кеңсе меңгеруші Б.Нәлібаевақатысты.
Шара барысында аудандық соттың төрағасы Ә.Б.Түбекбаева 2019 жылдың 12 айында сотпен атқарылған жұмыстар жайлы мәліметтермен бөлісті.
Өткен жыл көлемінде аудандық сотта барлығы 1437 іс қаралып аяқталса, оның 100-і қылмыстық істер, 653 азаматтық істер және 684 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер болған.
Қылмыстық істер бойынша 52 үкім шығарылған, 38 іс бойынша қаулы қабылданған. Қаулы қабылданған 30 қылмыстық іс бойынша сотталушылар жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласып, залалды өтеуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылған.
Аудан бойынша ең көп тараған қылмыс санаттары-ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру санатында-27 іс, алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін сенімге кіру арқылы алдау жолымен иемдену-8 іс, есірткінің заңсыз айналымына қатысты-8 іс, жол қозғалысы қағидаларының талаптарын бұзып, нәтижесінде  адамның денсаулығына зиян келтіру немесе адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер бойынша -8 қылмыстық іс қаралған.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 6 адамға қатысты үкім шығарылып, оларға заң шеңберінде жаза тағайындалған және аталған тұлғалар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылғанын атап өтті.
Есепті мерзімде қаралып аяқталған 653 азаматтық істің 113-і бойынша  сот бұйрығы, 388 іс бойынша шешім шығарылған, 89 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған. Оның ішінде  40 азаматтық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылса, 8 азаматтық іс тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу бойынша аяқталған, 4 іс бойынша тараптар өзара келісімге келіп, татуласу келісімін жасаған.
Азаматтық істер бойынша ең көп қаралатын даудың санатына-шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қатысты даулар (банктік заем шарты бойынша қарыз өндіру, жеке тұлғалардың арасындағы міндеттемеден туындаған даулар т.б.)-232, отбасылық қатынастардан туындаған даулар-163, оның ішінде некені бұзу жайлы-133,  кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы-105, заңдық маңызы бар фактілерді анықтау санатында-46 азаматтық іс қаралған.
Еңбек қатынастарынан туындайтын даулар бойынша  13 азаматтық іс қаралып, жұмыстан заңсыз босатылған 6 адамсот шешімі негізінде жұмысқа қайта орналастырылған.
Сот өндірісінде қаралған 684 әкімшілік істің 67-і бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласып, іс жүргізу тоқтатылған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ең көп тараған құқық бұзушылықтарға –көліктегі құқық бұзушылықтар, алкогольді масаң күйде көлік басқару, жол қозғалысы ережелерін бұзып, жәбірленушінің мүлкіне шығын келтіру немесе денсаулығына зиян келтіру, жол көлік оқиғасы орнын тастап кету болып табылады. Осы санатта аудандық сотта өткен жылы 173 іс қаралып, құқық бұзушыларға әкімшілік жаза қолданылған.
Одан кейінгі кезекте-ұсақ бұзақылық, яғни белгіленбеген орынға коммуналдық қалдықтарды тастау, ортақ пайдалану орындарын ластау немесе қоғамдық орында былапыт сөйлеу. Бұл санатта 150 әкімшілік іс қаралған.
Шетелдіктердің көші қон саласындағы заңнаманы бұзуы жайлы 97 әкімшілік іс қаралып, заң бұзған шетел азаматтары жауаптылыққа тартылған.
Аудан әкімдігі жанынан құрылған «Билер кеңесінің» мүшелері сот өндірісіндегі 3 қылмыстық және 6 азаматтық іс бойынша тараптарды татуластырып,  дауды реттеуге жәрдемдескен.
Сондай-ақ, сот төрағасы сот әділдігін жүзеге асырудағы ашықтық, жариялылық принципін жүзеге асыру мақсатында аудандық сот өндірісіндегі істер 100 пайыз аудио-бейне жазбасы жазу арқылы  қаралатынын, сондай-ақ барлық талап арыздар «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсіп жатқанын атап өтті.
Қазіргі таңда аудандық сотта соңғы өзгерістерге сәйкес сот жүйесін жаңғырту аясында тараптарға смартфонға жүктелген «TrueConf» қосымшасы көмегімен қашықтан сот отырысына келмей-ақ, бейнебайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік беретін «SMART сот пилоттық жобасы жақсы нәтижелі жұмыс істеп тұрғанын, «TrueConf» қосымшасын қолдану арқылы 64 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іске қатысушылар сот процесіне қашықтықтан қатысып, құқықтарын жүзеге асырған.
БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста жұмыстар атқарылып, судьялар телеарна арқылы 5 рет сұхбаттар берген, 13 рет аудандық сотта «Ашық есік күні» шарасы өткізіліп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында мемлекеттік мекемелерде семинар сабақтары мен дөңгелек столдар өткізілген.
Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар мен заңдарға енгізілген өзгерістерді түсіндіру, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесінің алдына қойылған міндеттерді  жүзеге асыру мақсатында сот төрағасы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізуді жолға қойған.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да азаматтардың құқықтарының қорғаулына, сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап өтіп, өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісінің шара барысында  туындаған сұрақтарына жауап бере отырып,  алғысын білдірді.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
09 қаңтар 2020 ж. 906 0