» » Жаңақорған ауданында Президенттің Жолдауы талқыланды

Жаңақорған ауданында Президенттің Жолдауы талқыланды


Қызылорда облыстық сотымен бекітілген «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен гулденуденуінің негізі» атты Мемлекет басшысының Қазақ халқына Жолдауының сот жүйесіне қатысты бағытын ақпаратты-түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы талқыланды.
Іс-шараға Жаңақорған аудандық соттың төрағасы Ә.Түбекбаева, аудандық прокуратура өкілі, «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары, аудандық мұрағат басшысы, аудандық орталық кітапхана бөлімінің басшысы, аудандық Зейнетақы орталығының басшысы, аудандық әкімдігінің өкілі, Жаңақорған АПБ-нің қызметкері, аудандық «Билер кеңесінің» мүшелері, аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаттары, аудандық жекеше нотаруистар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі қатысты.
«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары М.Балқожаев  жиынды ашып, өз сөзінде, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі деп аталған кешенді бағдарламаны жариялағанын айта келе, «мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын» деген Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жаңа стратегиялық даму бағытын айқындап бергенін, алдағы жылдары үкіметтің ұраны «Ашықтық» болмақ екенін, Мемлекет басшысы берген алғашқы тапсырмалардың бірі халықтың ойын алаңдарда ашық жеткізуіне мүмкіндік жасау, шеру орыны қаланың бір шетінде өткізілмеуі тиістігін, алайда кез-келген заңға қайшы әрекеттер, бұзақылық заңға сәйкес жазаланатынын айтты.
Өз кезегінде аудандық соттың төрағасы Ә.Түбекбаева өз  баяндамасында, қоғамда қызу талқыға түскен «Жер сату» мәселесі де Жолдауда көрініс тапқанын, жер шетелдіктерге сатылмайтыны уәде емес мемлекеттің стратегиялық ұстанымы екеніне тоқталды.
Сонымен қатар, жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы мен әйелдерге, әсіресе балаларға қатысты тұрмыстық-зорлық зомбылықтың жауапкершілігін тез арада қатаңдату керектігі айтылды. Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы.
Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет екенін, судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие екенін, дегенмен, сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажет екендігі  айтылды.
Реформалар реформа үшін жүргізілмеуі тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы халыққа Жолдауының түйіні осы. Бұған дейінгі жылдары мемлекет басшысының елдің ендігі дамуына байланысты бағыт-бағдарының негізінен билікке салмақ салса, ал Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың өзін оң өзгерістерді билікпен бірігіп жасауға үндеді.
Сондай-ақ сот төрағасы Ә.Түбекбаева сот жүйесінде жүргізіліп жатырған реформалар, енгізілген жаңашылдықтарға тоқтады. «Отбасылық сот» Smart-sot» «Татуласу сотқа дейін, сотта» пилоттық жобалары, «Билер кеңесінің жұмысын атап өтті.
Шараға қатысушылар Президент Жолдауынан туындайтын мәселелерді кеңінен талқылады.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
08 қараша 2019 ж. 677 0