№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қайғылы оқиға орын алды

Қайғылы оқиға орын алды

  Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «Бек Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

   Мемлекет басшысы Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өткізіп, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қозғалған қылмыстық іс аясында ұшақ апатына соқтырған себептерді анықтау, кінәлілерді заңға сәйкес жауапкершілікке тарту, сондай-ақ, Алматы әуежайының аумағына жақын орналасқан жеке құрылыстардың заңдылығын зерттеу жөнінде шара қабылдауды тапсырды.
28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған Президент еліміздегі мемлекеттік туларды төмен түсіруге және барлық ойын-сауық шараларын тоқтатуға тапсырма берді. Мемлекет басшысы кеңес барысында: – Ұшақ апатына соқтырған себептерді сапалы әрі объективті түрде тексеруге; – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамын білікті мамандармен қамту жұмыстарын толық аяқтау шараларын қабылдауға; – Қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін барлық әуе компанияларының жұмыстары мен авиациялық инфрақұрылым нысандарын тексеруге тапсырма берді.
Орын алған оқиғаны естіген Қазақ елінің қабырғасы қайысып отыр. Әуе апатынан зардап шеккендердің отбасына ел Президенті көңіл қосын білдіріп, халық болып аза тұтуда. Қалыпты қызметінде кінәрат орын алған ұшақтағы жағдай бойынша Үкіметтік комиссия құрылды.
Ұшақ бортында жобамен 98 жолаушы болған, оның 5-еуі экипаж мүшесі. Алматы мен Алматы облысының Жедел медициналық жәрдем бригадалары оқиға орнына 15 минут ішінде жеткен. Апат кезінде зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшін 51 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылды.
Оқиға орнында зардап шеккендер жедел ауруханаға жеткізілді. Ауыр жарақат салдарынан көз жұмғандар да бар.
«Сыр медиа» ЖШС-на қарасты облыстық, қалалық, аудандық газеттердің ұжымы апат кезінде қаза болғандардың отбасы және туған-туыстарының қайғысына ортақтастығын білдіріп, көңіл айтады.


28 желтоқсан 2019 ж. 686 0