Топ-баннер

Соңғы жаңалықтар

№13 (8927) 17

17 ақпан 2026 ж.

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Ең қауіпсіз көлік түрін білесіз бе?

Ең қауіпсіз көлік түрін білесіз бе?


Ең қауіпсіз көлік түрі деп пойыз не су кемесі деп ойлайтындар қатты қателеседі. Өйткені, ең қауіпсіз көлік түріне алдымен ұшақ, одан кейін су кемесі, құрлық көліктері мен пойыз жатады.
 
Мәселен, біздің күнделікті пайдаланатын темір тұлпар ең қауіпті қозғалс түріне жатады екен. Әуе ұшағына деген сенімсіздік әуе апатының болуына байланысты туындаған. Алайда әуе апаттары құрлық көліктеріне қарағанда бірнеше есе аз орын алады.
БҰҰ-ның санағы бойынша, ұшақ әрбір миллионыншы ұшып өтуде бір-ақ рет апатқа ұшырайды немесе техикалық келеңсіздіктерге жолығады. Егер мұны жай көлікпен салыстырсақ, әлдеқайда тиімдірек екенін байқайсыз. Ұшақ апатының 50% жағдайы пилот жіберген қателіктерден болады, 7%-да басқа экипаж мүшелерінің себептерінен туындайды, 22%-ы техникалық ауытқулар, 12%-ы ауа-райының қолайсыздығы, 9%-ы қасақана жасалады. Сарапшылар ұшақ апаты кезінде бір миллион адамның тек сегізінің ғана көз жұму мүмкіндігі бар екендігін есептеп шығарды. Мысалы, егер ұшаққа фобиясы бар кісі ұшаққа мінетін болса, әуе апатына ұшырауына 21 жыл уақыты кетеді. Мамандар осы сараптамаларды негізге ала отырып, ұшақты ең қауіпсіз көлік түріне жатқызған.
20 қаңтар 2019 ж. 3 050 0