Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жерді заңсыз иемденуге жол жоқ

Жерді заңсыз иемденуге жол жоқ


Қызылорда облыстық сотының тапсырмасы негізінде аудандық сотта Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 244 бабында көрсетілген «Өз бетiмен салынған құрылысқа» байланысты жиын өтті.


Оған аудандық сот және прокуратура өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен кент тұрғындары қатысты.
Сот төрағасы кейінгі кездері өз бетiмен құрылыс салуды жүзеге асырған адамдардың ісі жиі қаралатынын айтты.
– Жерді өз бетімен сатып алған адам құрылысқа билiк етуге – сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мәмiлелер жасауға – құқығы жоқ. Жыл басынан Азаматтық кодексінің 244 бабына сәйкес 5 іс қаралған. Бұл меншік құқығы туралы дау туындауға себеп болатыны анық. Сондықтан мәселенің алдын алып, азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет. Кент әкімдігі жерді қараусыз қалдырмауға және мониторинг жүргізіп отыруы тиіс, – деді сот төрағасы.
Мамандардың айтуынша, тұрғындар арасында меншік құқығы берілмеген жерге құрылыс жұмыстарын жүргізу көбейген. Осындай сауатсыздық пен сенгіштіктің соңында опық жеп қалғандары да кездесіп жатады. Әсіресе құрылыс қарқынды жүріп жатқан Саяжай, МАИ бекеті, Ипподром аумағында түгендеу жұмыстары жүргізілуі қажет-ақ.
Шара қатысушылары тарапынан халық арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында өзіне тиесілі емес жерді сатқан жағдайда әкімшілік жауапқа тарту, алаяқтық баптары бойынша іс қозғау жөнінде түсіндірілді.

Майра ӘБДУӘЛІ
26 желтоқсан 2019 ж. 536 0