№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану мәселелері талқыланды

Өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану мәселелері талқыланды


Қызылорда  облыстық сотымен берілген тапсырмаға сәйкес Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 244-бабының ережелерін, яғни өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану санатындағы істерді қарау тәжірибесінде туындаған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен семинар сабағы  өткізілді.
Семинарға аудандық сот судьялары, прокуратура, адвокатура өкілдері, аудан, кент әкімдіктерінің, жер қатынастар бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ-ның аудандық бөлімшесінің өкілдері қатысты.
Шара барысында аудандық сот төрағасы Ә.Түбекбаева семинарға қатысушыларды  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жасалынған өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану санатындағы азаматтық істерді қарау тәжірибесін қорытумен таныстырып, шолуда аталған осы санаттағы істерді қарау барысында орын алатын мәселелерге тоқталды.
Оның ішінде азаматтық іс жүргізу заңнамасының қолданылуы, талап қоюмен жүгіну, соттылық ережелері, істі қарауға тартылуға жататын тұлғалар, мемлекеттік баж төлеу мәселелері, материалдық құқық нормаларын қолдану, дәлелдемелер және дәлелдеу, өз бетімен салынған құрылысты бұздыру мәселелері   сөз болды.
Өз кезегінде семинарға қатысушы жергілікті атқарушыорган өкілдері, адвокаттар өз тәжірибесінде осы санаттағы даулар бойынша орын алған сұрақтарын   қойып, тиісінше жауап алды.
Аудандық сот судьялары өз бетімен салынған  құрылысқа меншік құқығын тану санатындаы істерді қарау тәжірибесімен бөлісіп, сотпен жергілікті атқарушы орган тарапынан шығарылған жекеше қаулылар талқыланды.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
11 желтоқсан 2019 ж. 1 097 0