№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді


Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңына байланысты семинар өткізілді.
Іс шараға кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева және сот мамандары қатысты.  
Іс-шара барысында Жаңақорған аудандық сотының сот приставы М.Тұрғанбекұлы сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыс барысында құқық бұзушылықтың алдын алудың жолдары жайлы баяндама жасады. Сыбайлас жемқорлық қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылатынын, қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға  болатындығы  жайында  атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы «Сыбайлас   жемқорлыққа   қарсы   іс-қимыл туралы»  Заңының жалпы ережелеріне тоқталды.                
Семинарға қатысушылар тақырып бойынша туындаған сұрақтарды талқылап, өзара пікір алысты.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
23 желтоқсан 2019 ж. 747 0