Оңтүстік аймақ судьяларының кезекті семинар сабағы өтті
Жаңақорған аудандық сотында Оңтүстік аймақ судьяларының кезекті семинар сабағы өтті.
Семинарға қатысқан Жалағаш, Сырдария, Шиелі,Жаңақорған аудандық сотының судьялары қылмыстық істер бойынша жаза тағайындау, медициналық сипаттағы шараларды қолдану, тергеу судьясының өкілеттіктері жайлы мәселелерді талқылады. Азаматтық істер бойынша дәлелдемелер, оларды бағалау, дәлелдеуден босату сұрақтарына да сөз болды. Сонымен қатар судьялар медиация рәсімін қолдану тәжірибесін кеңінен талқылап, пікір алмасты. Шара барысында ҚР Жоғарғы Сотының кассациялық сот алқасында осы жылдың қазан айында қаралған қылмыстық істер бойынша қысқаша шолу жарияланып,сот актілерінің жоғарғы саты сотында бұзылу,өзгертілу негіздері атап өтіліп, шолуда көрсетілген заң бұзушылықтарға жол бермеуге назар аударылды.

Пікір 2