Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ХАЛЫҚ ҮНІ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

ХАЛЫҚ ҮНІ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ



Жаңа Конституция жобасы – халықтың үміті мен сенімінен туған маңызды құжат. Ол қоғамдағы әділдік пен теңдікті нығайтып, әр азаматтың құқығы қорғалатын берік құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатта аудандық коалиция мүшелері Аллаберген Ахметов, Серқожа Ыдырысов, Серік Мұсабаев Сунақата ауылының тұрғындарымен кездесіп, жаңа өзгерістердің мән-маңызы туралы кеңінен пікір алмасты.
Кездесу барысында тұрғындардың ой-пікірлері тыңдалып, ел болашағына қатысты ұсыныстары ашық талқыланды. Ауыл азаматтары жаңа Конституцияның маңызы жөнінде өз көзқарастарын білдіріп, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықтың нығаюына үлкен үміт артатынын жеткізді.
– Жаңа Конституция – әділдік пен теңдіктің, тұрақтылық пен сенімнің кепілі. Халықтың дауысы заңда көрініс тапқанда ғана елдің болашағы берік болады. Бұл құжаттың басты өзегі – адам құқығын қорғау, әр азаматтың еркіндігі мен мүмкіндігін қамтамасыз ету, – деді Аллаберген Ахметов.
Кездесуде көтерілген басты құндылықтар – әділдік, тең мүмкіндік, адам құқығын қорғау, білім мен медицинаның сапасын арттыру, әлеуметтік қолдауды күшейту болды. Бұл бағыттардың барлығы әр отбасының болашағына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер екені атап өтілді.
Ауыл тұрғындары да өз ойларын бүкпесіз айтып, ауыл өміріндегі өзекті мәселелерді ортаға салды. Олардың қатарында жұмыс орындарын көбейту, инфрақұрылымды дамыту, білім мен денсаулық саласын жетілдіру, жастар мен жас отбасыларға қолдау көрсету сияқты маңызды ұсыныстар болды.
Жиын барысында халықтың пікірі мен ұсыныстарының тыңдалуы – қоғамдағы ашық диалогтың айқын көрінісі екені айтылды. Өйткені елдің дамуы – тек заң қабылдаумен емес, халықтың пікірін ескерумен, қоғамның ортақ мақсатқа бірігуімен жүзеге асады.
Шын мәнінде, Жаңа Конституция – тек қағаздағы құжат емес. Ол – ауылдың арманы, халықтың үміті, елдің ертеңіне деген сенім. Әр азаматтың құқығы қорғалып, қоғамда әділдік үстемдік құрғанда ғана мемлекет нығаяды.
Сондықтан халықтың үні естілген жерде – елдің іргесі берік, болашағы баянды болады. Ал жаңа Конституция – сол сенімнің заңдағы айқын көрінісі.

.#ЖаңаКонституция
#АтаЗаң
#СаналыТаңдау
#ЕлБолашағы
12 наурыз 2026 ж. 63 0