Соңғы жаңалықтар

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ОРАЙ КОНЦЕРТ ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ОРАЙ КОНЦЕРТ ӨТТІ


Бүгін Ордакент орталығында аудан өнерпаздарының қатысуымен 15 наурыз күні өтетін жалпыхалықтық референдумға шақыруға бағытталған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Аталған шара ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тәуелсіздіктің қадірін терең сезіндіруге бағытталды.
Шара барысында аудандық коалиция мүшелері Серхожа Идирисов, Пахмаддин Айнакожаев, Асем Тилеубергенова және Наурызбай Орынбасаров сөз сөйлеп, ел болашағы үшін маңызды референдумның мән-маңызына тоқталды. Сонымен қатар бірлік пен ынтымақтың маңыздылығы айтылды.
Концерт барысында аудан өнерпаздары әсем әндер орындап, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш қонақтары рухани демалып, әсерлі көңіл күймен тарқасты.
Баршаңызды 15 наурыз күні өтетін жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырамыз!

#Референдум
#ЖалпыхалықтықРеферендум
#Референдум2026
#ХалықТаңдауы
#ДауысБер
#БолашағымызҮшін
#ХалықДауысБеруде
13 наурыз 2026 ж. 366 0