ТӨМЕНАРЫҚТАҒЫ ХАЛЫҚ ҮНІ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ЖОЛ

Жаңа Конституция – әр азаматтың сенімі, әр отбасының арманы, әділетті қоғамға деген ұмтылыстың нақты көрінісі. Осы тарихи бастама аясында аудандық коалиция мүшелері Алма Мамирова, Лаура Бибасарова, Серік Мұсабаев және Алмат Мампаев Томенарық ауылы тұрғындарымен кездесіп, елдің даму бағыты мен әлеуметтік маңызды мәселелерді жан-жақты талқылады.
Кездесу тек ресми жиын емес, халықтың ой-пікірін тыңдайтын, сұрақтарын ашық ортаға салатын шын диалог алаңына айналды. Тұрғындар өз ұсыныстарын ортаға салып, ауылдағы жұмыс орындары, инфрақұрылым, білім мен денсаулық сақтау, жастар мен отбасыларға қолдау сияқты өзекті тақырыптарды көтерді. Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы сенім мен түсіністікті нығайтып, әр азаматтың ел болашағына үлес қосуына жол ашады.– Жаңа Конституция – әділдік пен теңдіктің, тұрақтылық пен сенімнің негізі. Халықтың дауысы заңда көрініс тапқанда ғана мемлекеттің болашағы берік болады, – деді Серік Мұсабаев.Жаңа Конституция – тек заң мәтіні емес, халық арманының, сенімінің және елдің тұрақты дамуына бағыт беретін нақты құжат. Халықтың үні естілген жерде сенім нығайып, мемлекеттің іргесі берік болады. Әр азаматтың саналы таңдауы – елдің бірлігі мен тұрақтылығының кепілі.




