Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ТҰРҒЫНДАР ПІКІРІМЕН ТОЛЫҚҚАН ҚҰЖАТ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ТҰРҒЫНДАР ПІКІРІМЕН ТОЛЫҚҚАН ҚҰЖАТ

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің болашағы – еңбекқор халықтың маңдай терімен өлшенеді. Әрбір адал еңбек, әрбір табанды іс – елдің өркендеуіне қосылған үлес. Сондықтан бүгінгі таңда халықпен ашық пікір алмасып, маңызды мемлекеттік бастамаларды түсіндіру – ортақ жауапкершілік.
Осы мақсатта аудандық коалиция мүшелері Баян Үсейінова, Әсем Манапқызы және Асылжан Жолдасбеков Жаңақорған ауданының тұрғындарымен кездесіп, жаңа Конституцияның маңызы мен қоғамға әкелетін өзгерістері туралы кеңінен әңгіме өрбітті.
Кездесуге жүзге жуық қызметкер қатысып, өз ойлары мен ұсыныстарын ашық жеткізді. Жиын барысында еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайы, шипажай қызметін дамыту, халыққа сапалы қызмет көрсету, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Коалиция мүшесі Баян Үсейінова өз сөзінде жаңа Конституцияның ел өміріндегі маңызына тоқталып, оның басты мақсаты – әр азаматтың құқығын қорғау және әділетті қоғам қалыптастыру екенін атап өтті.
– Еңбек – ел дамуының негізі. Сіздердің адал еңбектеріңіз – қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің басты кепілі. Жаңа Конституция азаматтардың құқықтарын қорғап, елдің тұрақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Халықтың пікірі мен ұсынысы – мемлекет қабылдайтын шешімдердің негізі болуы тиіс, – деді ол.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Мұндай ашық әңгімелер халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, қоғамдағы белсенділікті арттыра түседі.
Шын мәнінде, еңбекқор халық – елдің ең үлкен байлығы. Бірлік пен саналы таңдау арқылы ғана мемлекетіміздің болашағы жарқын болмақ.

#ЕңбекАдамы
#ХалықпенКездесу
#ЖаңаКонституция
#ЕлБолашағы
#БірлікЖолы
12 наурыз 2026 ж. 73 0