№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЛАЯҚТЫҚ: АЗАМАТТЫҚ ІСТІҢ КӨШБАСШЫСЫ

АЛАЯҚТЫҚ: АЗАМАТТЫҚ ІСТІҢ КӨШБАСШЫСЫ

Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы Д. жауапкерлер Ж және С., арадағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесін жарамды және жасалған деп тану немесе жауапкерлерден 3 500 000 теңге өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.
Сотта қарау барысындажауапкер Ж есімді азамат істі өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхат білдіргендіктен, ал қасындағы жауап беруші сот отырысына дәлелді себептерсіз келмегендіктен, Қазақстан Республикасы АПК-нің 196-бабының 4, 6-бөліктеріне сәйкес, азаматтық іс жауапкерлердің қатысуынсыз қаралды.
Алайда, сот отырысында талап қоюшы өкілі талап қоюдан бас тартатынын мәлімдеп, азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрайтынын көрсетіп сотқа арызын ұсынды.
Сот ұйғарымымен талап қоюшы Д., жауапкерлер Ж және С., арадағы тұрғын үйді сатып алу – сату мәмілесін жарамды және жасалған деп тануды немесе жауапкерлерден 3 500 000 теңге өндіруді сұрағанталап қою арызынан бас тартуы қабылданып, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
 Алма ОРАЗБАЕВА,
Жаңақорған аудандық сотының маманы.
03 қазан 2018 ж. 764 0