Студенттер аудандық сот жұмысымен танысты

Шара барысында аудандық соттың төраға міндетін атқарушы Ә.Түбекбаевастуденттерді соттағы жаңа электрондық сервистардың және қазіргі заманғы форматтағы жұмыстармен таныстырып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы ұсынған сот жүйесін дамыту бойынша айқындалған жеті басым бағыт оның ішінде «SMART сот» жобасы бойынша және «Татуласу, сотқа дейінгі, сотта» пилоттық жобасы аясында медиациямен тәртібімен аяқталып жатқан істер жайлы атап өтті.
Сонымен қатар аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева «Сот кабинеті» сервисі туралы кеңінен студенттерге түсіндірді.
Шара соңында аграрлы-техникалық колледж студенттерінің сұрақтарына төраға міндетін атқарушы Ә.Б.Түбекбаева жауап беріп, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялап, еліміздің болашағы жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отырғанын, мемлекетіміздің нығая түсуі үшін бұрынғыдан да жастар белсенді болуы керек екенін, қазақстанның жастары-елдің басты байлығы «Жастар жылы» жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік беріліп отырғанын, еліміздің барлық жастарына тек сәттілік тілейтінін білдірді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі