Туған жер тазалығына әрбір тұрғын жауапты
Тазалық – адамдық қасиеттің ажырамас бір қағидасына айналғанда ғана күрмеулі мәселелер көрініс бермейді, көңіліміз де көтеріңкі, тірлігіміз сәнді, өміріміз мәнді бола түсер еді. Бір әттеген-айы, жаңа заманмен түрленіп, тұрмысымыз гүлденіп, түрлі жетістіктерге қол арта бастағанымыз рас болса да тазалық мәселесіне келгенде кежегемізден кейін тартып, мінсіз талапшылдық таныта алмай келеміз.
Рас, көпшілікке жаппай күйе жағуға болмас, бірақ «бірдің кесірі – мыңға» дегендей, арамызда тазалыққа салдыр-салақ көзқарастың нәтижесінде кент келбетіне кінарат түсіп, көрген көзге күйкі көріністер кісілігімізге сын болып, көңілге кірбің түсіріп келеді. Соңғы уақыттары қыруар еңбек, қажырлы тауқымет арқасында топ жарып, бәйгенің алдын бермей жүрген аудан халқының азаматтығына сын болып тұрған тазалық мәселесін толыққанды шешудің жолдары бар ма? Осы тақырып төңірегінде «Жаңақорған тынысы» газеті редакциясы ұйымдастырған «Көзқарас» алаңында жауапты мамандар мен жанашыр тұлғалар дөңгелек үстел басында өз ой-пікірлерін ортаға салды.