№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қосүйеңкіде ауыз су құбыры неге сапалы жүргізілмей жатыр

Қосүйеңкіде ауыз су құбыры неге сапалы жүргізілмей жатыр


Аудандағы ғаламат жобаның бірі, құны 4 млрд теңгені құрайтын кентішілік ауыз су жүйесі келер жылы толық пайдалануға берілуі тиіс. Осы су жүйесінің сапалы жүргізілгеніне күмән келтіретіндер бар. Осынының анық-қанығын білмекке «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанынан құрылған бақылау комиссиясының мүшелері Жаңақорған кентіне арнайы келді.


Комиссия төрағасы Аида Әбибуллаева мен комиссия мүшесі Маия Наримова мен Алмас Ізден және облыстық партиялық бақылау инспекторының міндетін атқарушы Сәбитбек Алшынбеков «Құмсахаба» су тарату станциясына барып, жасалынған жұмыстың барысымен танысты. Мердігер мекеме мен аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есдәулет Сейілов құрылыстың жүргізілу барысымен таныстырды.
– «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобаға жалпы көлемі 4 млрд. теңге қаралды. 2017 жылы 915 млн. теңге бөлінді. Мердігер компания «Темір Строй Сервис И КО» ЖШС-гі қаржыны толық игерді. Олар өткен жылы кентішілік 45 шақырым жерге су құбырларын жүргізді. Оның ішінде, орталық стадион аумағында 4 көше, Жаңауыл аумағында Түйменұлы, Махамбет, Б.Искаков көшесі, кент орталығындағындағы Амангелді, Ақмешіт, С.Қожанов, Мәдиев, Аюпов, Тотаев, Сапарбаев, Файзулдаев, Жеңіс, Мұсахановтың жартысы, Алтынсарин аумағында үш көше, Алтыкрант аумағындағы көшелері бар. Жалпы, бүгінгі таңда бас мердігерден бөлек, 9 қосалқы мердігер компания жұмыс жасады, – деді бас мердігер «Темір Строй Сервис и ко» ЖШС-нің жергілікті жердегі шебері Алмасбек Бекмырзаев.
Су айдайтын мұнара аумағын қоршау жұмыстарын алматылық «ЖК Төлегенов» жүргізуде. Атқарылған жұмысқа оң баға берген бақылаушы топ партияның аудандық филиалында өзара жиын өткізді.
Тұңғыш Президент партияны жаңғырту жоспарын жүзеге асыру барысында Үкімет пен әкімдердің жұмысын барынша күшейтуді тапсырды. Партиялық бақылау арқылы бюджет қаржысын тиімді игеру және маңызды әлеуметтік нысандардың сапасын зерттеу міндеті тұр. Осындай жауапкершілікті сезініп, жұмыс істеу керек.
Аудандық партиялық бақылау комиссияның төрғасы Мәжит Балқожаев бастаған топ кенттегі №28 «Алпамыс» балабақшасының тыныс-тіршілігімен танысты.

***
Аудандық партиялық бақылау комиссияның төрғасы Мәжит Балқожаев және партиялық бақылау комиссияның мүшелері Қалмақан Тәжіқұлов пен Нұрлат Байгенже Қосүйіңкі ауылдық округіне арнайы барды.
Оған себеп ауыл тұрғындарының су құрылысы сапалы жүргізілмей жатқаны жөніндегі ұсыныс-тілегі себеп болды.
Ауыл әкімі Жанай Жанпейісов күтіп алып жол бастады. Алдымен құбыр жүргізіп жатқан жерге барды.
– Құбырдың диаметрі қандай? Оның асты үстіне құм төсеу маңызды. Себебі Қосүйіңкінің жері тастақ. Өзіңіз білесіз, тас құбырға зиян келтіреді, – деп сұрақтың астына алды аудандық құрылыс бөлімін талай жылдар басқарған құрылысшы Қалмақан Тәжіқұлов.
– Әрине, міндетті түрде құмды төсеп жатырмыз. Бізге де жұмыстың сапасы қажет, – деп жауап қатты «Каскад-Энерго» ЖШС учаскі басшысы Қалыбай Махамбетов.
Сөзге араласқан бақылау комиссияның төрғасы Мәжит Балқожаұлы:
– Құмды қайдан әкелудесіздер? Құбырдың асфальт астынан өтетін жерлер бар ма? – деді.
– Құмды Қызылорда қаласынан тасудамыз. Бірнеше жерден асфальтты кесеміз. Бірақ қайтадан жөндеп беру міндетіміз, – деді жауапты маман.
Одан кейін бақылаушы топ су жинау қоймасына барды. Маңызды нысанның құрылысына жауаптыларға кірпіш қалаудағы олқылықтар жөнінде сын-ескертпе жасап, ауыл әкіміне ұдайы бақылау қажеттілігін ескертті.
Партия жанынан құрылған бақылаушылық топ алдағы уақытта да жұмыстарын жүйелеп, маңызды әлеуметтік нысандарды аралайтынын болды. Яғни партия бақылауды күшейтпек.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
02 қараша 2019 ж. 684 0