№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨЗЕКТІ: КЕНТІШІЛІК ОЙДЫМ-ОЙДЫМ ЖОЛДАРДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ 10-СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ

ӨЗЕКТІ: КЕНТІШІЛІК ОЙДЫМ-ОЙДЫМ ЖОЛДАРДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ 10-СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ


Жаңақорған кентіндегі ойдым-ойдым асфальт жолдарды 10-сәуірден бастап қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы бүгін аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров «Фейсбук» әлеуметтік желісі парақшасында хабарлады.

«Жаңақорған кентінің басты мәселесіне айналған көшелерге ауыз су құбырын қазудағы бүлінген көшелерді асфальттау жұмысы 2019 жылдың 10 сәуір күніне дейін басталатынын мәлімдеймін. 
Асфальттау – ауыз су құбырын қазу жұмыстарын жүргізген компанияның міндеті, яғни жолдарды қалпына келтіру мақсатында қаржы қаралған. Сонымен қатар, мердігер компания өз қаржысымен кент орталығындағы бірнеше көшелерге тас төсеу жұмыстарын жүргізеді», дейді Нұрбол Бакиров.

Сондай-ақ аудан әкімінің баспасөз хатшысы мердігер компания былтыр уәде бергендей неге наурыз айынан жол жөндеу жұмыстары басталмағанын түсіндірді.
«Мердігер компания Түркістан қаласындағы асфальт зауытпен келісім шартқа отырған. Алайда аталған зауыт сәуір айының 4-5 күндері іске қосылады. Одан бөлек, наурыз айындағы жаңбырлы ауа-райы асфальт жұмыстарының сапалы болуына өз кедергісін тигізетіні өздеріңізге белгілі.
Жолды асфальттау жұмыстары кезінде арнайы бақылау, кемшіліктерге жол бермеу мақсатында түрлі қоғамдық ұйымдар мен аудан белсенділерінен құралған аудан әкімдігі және аудандық мәслихат жанынан құрылған комиссияның бақылауында болады» дейді Нұрбол Бакиров.
Айта кету керек, Жаңақорған кентін ауыз сумен қамтуға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобаға жалпы көлемі 4 млрд. теңге қаралған.
                                        Самат ОҢҒАРҰЛЫ
31 наурыз 2019 ж. 993 0