№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Туған күн тойлау қазаққа қажет пе?

Туған күн тойлау қазаққа қажет пе?

Әрине, той тәңірдің тартуы, тоқшылықтың несібесі. Сондықтан біреуге былай деп айтуға тиісті емеспіз. Дегенмен пікір білдіру, ой қозғау жат пиғыл танытпайды. Қайта кемшілігімізді кетіріп, желігімізді жүгендеуге жол көрсетер деген ниетті алға тарттық.


Қарт кісілердің бұрыңғы төлқұжатында жылы мәлім де, туған күні толтырылмағаны белгілі.Кейінгі заң аясында оларға өздері қалаған күнді жазып, белгілі бір уақытты туған күнге жатқызып қойды.Алайда шын туған күн олар үшін әлі беймәлім. Әйтеуір қауын піскенде, мал төлдегенде, ай туғанда, ел көшкенде секілді әлдебір оқиғаға байланыстырып айтылатын мерзімді мегзеп отыратын. Сонда неліктен бұлай болғанын біз біле бермейміз. Әлде сауатсыз ба еді? Жоқ, олай емес. Адам психологиялық тұрғыдан тез қартаюға оңай берілмес үшін солай жасағанға ұқсайды. Екіншіден, мектепке кеш барғандарды бөле жармауға себі тиді. Үшіншіден, қыздарды күйеуге ерте берудің амалы сияқты. Отбасы құрған жастарды құр сенделуден құтқарды. Бұл баланың көбеюі мен жанұяның берік болуына көмектесті.Менің пікірім осылай.
Жақында бір атадан сұрап көрдім, туған күнін. Ол:— Шырағым менің білетінім шешеден бір-ақ туылғаным. Оны жылда-жылда атап өту жараспайды. Енді бір өлетінім қалды,— деп еді. Әрине, дұрыс пікір.Біз той ретінде қабылдап, мерейтой кешін ұйымдастыруға әбден үйреніп алдық. Бәлкім, тіршілігіміздің жақсарған белгісі болар, әлде еуропаша ойлаудың жемісі ме, әйтеуір атаусыз қалдырмаймыз. Кейбіреу қартаюға қадам деп жүр. Не десекте, туған күн торқалы тойға айналды. Осы дұрыс па, бұрыс па, ешкім қандырып жеткізе білмейді. Менімше, туған күн қазаққа жат болған. Мұнан жас өлшеп, жарысу пайда болады. Ал, ұлттық дәстүрде алыстан алта жасар бала келсе алпыстағы сәлем беріп, оқыған-тоқығанды үстем көріп, өзара жас таластырмай-ақ  сыйластық құрған. Бұл елдікке сай қалыптасып отырды. Сонда тойшыл күйіміз үшін ғана туған күн қажет болғаны да.
Бек ШӘРІБЕК
06 қазан 2019 ж. 1 562 0