Әлем елдерінің туған күн тойлау дәстүрлері
Тарихта алғаш өз туған күнін ежелгі мысырлықтар тойлай бастады. Бұл мереке кейін Ассирияға да тарап кетті. Бірақ туған күнді тек шенді перғауындар мен олардың мұрагерлері ғана тойлай алатын. Сарайларда үлкен той өтіп, бүкіл жұрт атап өтетін болған. Кейде перғауын туған күніне орай түрмедегі қылмыскерлердің жазасы жеңілдетіліп, бостандыққа шығарған. Содан бері туған күн әр халықта әртүрлі тойлана бастады. Ендеше назарыңызға туған күндегі ерекше жоралғы мен тойлау дәстүрі бар халықтарды ұсынамыз.
Нидерландыда дәстүрлі "Happy birthday!" жоқ болғанымен, өзіндік "Gefeliciteerd!" (Құттықтаймыз) деген құттықтау сөзі бар. Ол туған күн иесіне ғана емес, оның барлық отбасы мүшесіне, жақындары мен достарына айтылады. Себебі халық танымында туған күн – барлығына ортақ мереке. Әсіресе туған күн иесінің ең жақын адамдарына. Victoria есімді қолданушы Dutch Language Blog сайтындағы "Hoera! Ik Ben Jarig!" мақаласында мынадай пікір қалдырыпты: "Меніңше әр адамды құттықтап шығу – біртүрлі дәстүр. Мен өз досымның туған күнінде болдым, мені келген қонақтың бәрі құттықтап жатқанда “менің қатысым қанша, оны мен туған жоқпын ғой?!” дегім келді".
Аргентина: ұн шашып, басына жұмыртқа жару Бұл дәстүр ұлдар 18-ге, қыздар 15-ке толғанда ғана жасалады екен. Ал бұл жасқа дейін балалардың аяғын басу жоралғысы орындалады екен. Сондықтан Аргентинада 18 бен 15 жасқа дейін балалар өз туған күнінде тыным таппайды. Tripadvisor сайтындағы форумда ScarlettO1 атты қолданушы былай дейді: "Сабақтан шыққанда, бір топ адам менімен оқитын бір қызға аямай ұн шашып, басына екі жұмыртқа жарып жіберді. Шошып кеттім, бар ғой! Бұл не деген ессіздік деп. Сөйтсем, бұл өзі сондай дәстүр екен. Бәрі мәз, әйтеуір, тек құрбымның жемпірі жап-жаңа еді. Соған ішім ашыды".
Мексика: бетіне торт шаптау Мексикада да туған күн иесіне абайлау керек. Кез келген сәтті оның достары не туыстары кремі көп тортты бетке былш еткізуі мүмкін. Бұл арқылы қандай құттықтау, жоралғы жасалатына белгісіз, бірақ Мескикада мұндай көрініс көп кездеседі. Yahoo Answers сайтында buzzl0ver атты қолданушы бұл дәстүр туралы былай жазыпты: "Мұндай дәстүр тек Мексикада ғана емес, Испанияда да бар. Менің отбасым маған тура осылай істеген еді кезінде. Содан бері туған күн дегенді жек көремін. Ол тортты, тұтас туған күннің берекесін кетіреді. Бұл дәстүрді қолдамаймын!"
Таиландта халықтың көбі – буддистер. Олар өз дініне қоғамдық деңгейде мән береді. Мысалы буддист адам өз туған күнінде сағат таңғы алтыда ғибадатханаға барып, монахттарға сыйлық жасап немесе азық-түлігін апарып береді екен. I am Wannee блогының авторы: "Менің туған күнім һткен аптада болды. Мен ресторанға барып немесе үлкен кеш жасап тойлаған жоқпын. Анам мен жиенімді ертіп ғибадатханаға бардым. Онда 500-дей монах жүр екен. Біз апарған дәмділер барлығына жетпей қала ма деп сасып қалдық. Абырой болғанда бүгін менің туған күнім ғана емес екен".
Канада: мұрын майлау Кей отбасы мұрын майлау сияқты ерекше дәстүрді әлі күнге дейін сақтап келеді. Туған күн иесінің мұрнына май жағудың мәні – сәтсіздік пен қиындықтар оның басынан май үстінде сырғығандай оңай кетсін деген тілек екен. The Revivalist: Word from the Appalachian South блогының авторы Mark Lynn Ferguson: "Анам қазір менен 250 миль қашықтықта. Сондықтан ол досым Райанға хабарласып менің туған күнімде отбасылық дәстүрді өзі үшін жасауын өтінді. Райан америкалық қой, ол оны қайдан түсінсін. Ақыры маған май жақпады. Бірақ бұл дәстүр менің балалық шағымды еске салады. Туған күнімде таңертең анам құшағына қысып, зорлықпен менің мұрныма майды өкіртіп жағушы еді. Туған күн солай көңілді басталатын".
Ту іліп қою Егер Данияда терезе, балконда ілулі тұрған ту көре қалсаңыз, бұл үйде туған күн тойланып жатыр деп ойлай беріңіз. Данияда рәмізді ерекше құрмет тұтады. Тіпті туған күнде де. Себебі оның тарихи маңызы халық санасына зор қасиет ретінде сіңіп кеткен. Қазіргі кескінін сақтаған әлемдегі ең ежелгі ту болып келе жатқаны да осыдан болса керек. Анна Кларк, Копенгагенде тұрып жатқан ағылшын: "Өз туыңды қастерлесең, даттар сияқты бол дер едім.Ұлттық мерекелерден бөлек туған күнде де Дания туын үйлерден көруге болады. Мен де қызығып өз туған күнімде іліп қойғым келді, әттең, британдықпын".
Қытай: кеспе жеу Қытай мәдениетінде астың алар орны ерекше. Батыс елдері торт үстіндегі балауызды үрлетіп жатса, қытайлар кеспе жегізеді. Ең маңыздысы – кеспені үзбей жеу керек, үзіп қалсаң – жаман ырым. Бұл дәстүрдің мәні – кеспе қаншалықты ұзын болса, туған иесі соншалықты ұзақ, баянды ғұмыр кешпек.
МАССАГЕТ.КЗ