№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Жазым

Күнделікті күйбеңді былай қойғанда, қайғылы жерде де қай-қайдағы қиялға қонып, сансыз сұраққа сана қармалып қалады екен. Бүгінде оқыс оқиға жиі орын алып жатқан жоқ па, он екіде бір гүлі ашылмаған бүлдіршіннің, тіпті орта жастағы адамның аяқ астынан ажалға ұрынып, мезгілсіз көз жұмып жатқаны жалған емес. Кейде намазға барғанда жиылған тобырдан  «тағдырдың ісі» немесе « жазым ғой» дегенді көбірек естиміз. Бәлкім мұнысы жұбатудың амалы ма, әлде қайғыны бөлісудің реті ме, әйтеуір үйреншікті сөз секілді. Сондықтан көп аса көңіл арыға бармай, «солай ғой» дей саламыз. Бірақ мұныңастарында пәленбай пәлекет жататынын ескере бермейміз. Өйткені ажалды адам өз қолымен жасап алатыны да кездеседі. Өтірік десеңіз, өмірде мыңдаған мысал бар.


... Қоғамдық қол жуғышта бір азамат сабынды пайдаланып тұрып, қолынан ол сырғып кетті. Оны қайта көтеруге қиынсынды ма, сол жатқан күйінде қалдырды. Артынша асығыс кірген басқа біреу әлгі сабынға тайып шығылды. Сөйтіп басын бөлменің бұрышына соғып, ауыр халге түсті. Қан сорғалап, естен айырылды. Әрине, оқиғаның аяғын айтпасада түсінікті. Осыны жазым дедік. Бәлкім, сабын орнына қойылғанда бұл жағдай болмас еді.
...Аяғы ауыр жеңгесімен ойнаймын деген болу керек, қою қараңғылықтан атып шыққан қайынінісі оны селк еткізді. Қорыққанына мәз болып қайынінісі қарқ-қарқ күлді. Ал, жеңгесі бұл кезде баладан айырылып, жылап тұрды. Қысқа уақыт ішіндегі осы шиеленістен қырық пышақ болар еді, енесі жазым ғой деді де қойды.
... Электр желісін тартып жатып, әлдебіреудің шақыртуымен сыртқа шығып кеткен әкесі баланың шар еткен дауысынан ішке жүгіріп кірді. Токқа түскен бүлдіршіннің сымға қолы қатып қалыпты.Жұлып алуға дәрмені жетпеді ме, әлде сасқан шығар жылдам жәрдем жасай алмады. Бәрі кеш болды, кішкентай көз жұмып кетті. Мұны да жазым деп жаба салдық.
... Қазір баланы табу да оңай, алу да оңай. Гинекологтар қанша келіспегенмен араға адам салып, жасырын түрде жасанды түсік жасату бар. Тіпті адам болып қалған шарана дапышаққа түсіп жатады. Осыны да жазымға жатқызып жүрміз.
Әрине айта берсек себеп-салдар жеткілікті. Бірақ оның обал-сауабына дұрыстап дендемейміз. Бәріміз қазақтың тыйымдарын тыңдап өстік ғой. Нағыз дана пікір сонда дер едім. Айналайын ақылман ата-баба, бәрін де болжап, түйсікке түсіндіріп, болашаққа білдіріп кеткеніне таңмын.Алайда оны біз кеш ұғып келеміз. Адам тағдырына жеңіл қарайтын жағдай сананы жеңіп тұр. Әттең...
Бек ШӘРІБЕК
06 қазан 2019 ж. 646 0