№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МАҢЫЗДЫ ІСКЕ БЕЛСЕНДІЛІК КЕРЕК

МАҢЫЗДЫ ІСКЕ БЕЛСЕНДІЛІК КЕРЕК

Жуырда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізілгендігі ел болашағына бейжай қарамайтын барша қазақстандықтарды қуантқаны шындық. Алдыңғы нұсқадағы апострофқа назар аударар болсақ, ол арнайы белгі ретінде қарастырылды. Яғни ол барлығын бөліп тұратын. Ал бұл әліпби интернеттегі іздеу және қаржы қызметінде қиындықтар тудырмайды. 
Қазақстанның білім саласындағы орта және жоғары мектепте оқитын оқушылар мен студент жастарға латын қарпіне негізделген әліпбиге көшудің қиындығы болмауын ескерсек, әліпбиді үйрену мәселесінің де оңтайлы шешім табатынына сеніміміз мол. 
Қандай да істің бастамасында қиындық болатыны белгілі, бірақ әліпби мәселесінде ондай қорқыныш болмауы керек. Себебі бұл бір-екі жылда емес, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап сөз болып келе жатыр және Елбасы атап көрсеткендей, оқушылар ағылшын тілін оқу арқылы латын әріптерін меңгерген, ғалымдардың, барша қоғам өкілдерінің көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылданды, жаңа әліпби үйрететін мамандар, оқулықтар дайындалып, бір-екі жылда әдістемелік жұмыстар жүргізілетін болады. Яғни жаңа әліпбиге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Ең бастысы, жаңа әліпби мен оған сәйкес емле ережелердің төл дыбыстарымыздағы ерекшеліктердің сипатын нақты көрсете алатындай, қазір қолданылып жүрген басы артық әріптерден құтылатындай, орфографиялық заңдылығымыздың табиғатына сай келетіндей болуында. 
Аталған нұсқаны таңдауда барша халық болып белсене қатысқаны көңіл қуантады, себебі жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатыны бірлесе еңбек еткенде білінеді.
Аягөз АЙДОСОВА,
Аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы.
22 ақпан 2018 ж. 1 090 0