Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕР ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН МАҢЫЗДЫ

ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕР ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы басым бағыттар аудан әкімдігінде Сұлтан Мақашовтың төрағалығымен өткен автив жиынында жан-жақты талқыланды.

Аудан басшысы бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың жалғасы ретін­де жүйелі жұмыстар мен тың рефор­маларды қамтыған Жолдауды терең талдап, сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді.
– Стратегиялық құжат – халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруымен қатар «Мәңгілік Елге» бастайтын сенімді көпір болмақ. Ондағы заман талабына сай тиімді мемлекет құру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамы­ған және инклюзивті экономиканы қалып­тастыру, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңін бастау, қуатты өңірлерді қалыптастыру секіл­ді басымдықтар тұрғындардың әлеуетін арттыратыны сөзсіз, – деді әкім.
Жолдаудың басым бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласына ден қойылды. Ауыл шаруашылық жерлерінің тиімді пайдалану керектігі айтылып, Елбасының «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру үшін Үкіметке алдағы үш жылда 90 миллиард теңге бөлуді тапсырды.
Жолдауда кәсіпкерлікті қолдауға және ауылшаруашылығы жерлерді тиімді пай­дала­нуға бағытталған басымдықты қолдайтын кәсіпкердің бірі – Мақсат Жұмаділов.
– Мемлекет басшысы агрокешенді дамы­туды жүйелі түрде жүргізу керектігін айтты, әрі оның бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Яғни суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтып, өнім көлемін 4,5 есе арттыруымыз тиіс. Расында ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуетін толық пайдаланбай отырғанымыз анық. Мәселен Қаратөбе мен Келінтөбенің аралығында 4-5 мың гектар аумақты алып жатқан «Қазақбай» деген жер бар. Сол жерді игерсек халықтың әлеуеті артып, Президенттің тапсырмасымен үндесер еді, – деді кәсіпкер.
Жолдаудың екінші бағыты – азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшей­тудің негізгі факторы болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстарды аудандық соттың төрағасы Әлия Түбекбаева ортаға салды.
– Сот саласының соттарда айыптаушылық көзқарасты төмендету, кассацияға қолже­тім­ділікті ұлғайту, сот рәсімдерін оңайлату, тату­ласу институтын жетілдіру, әкімшілік соттарда құқықтарды қорғауды күшейту, сот актілерінің сапасын арттыру, соттардағы жемқорлықтың алдын алу басым бағыттар болып отыр. Аталған бағыттар бойынша соттың жеті түйіні жобасы аясында және оған дейін де жүйелі жұмыстар атқарылды, дегенмен осы жылы нәтижені еселендіру мақсатында қайтадан күн тәртібінде тұр. Қоғамда сот актілеріне қатысты сан алуан пікірлер бар. Азаматтар сот залынан сот актісін түсінбей шығатын жағдайлар кездеседі. Осыдан келе шағымдардың 90 процентке жуығы нақты судьяның әрекетіне немесе әрекетсіздігіне емес, сот актісіне берілетіндігі анықталды. Осыған байланысты 2018 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот үкімі туралы», «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулылар қабылдап, 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап қолданыла бастады. Үкімді, шешімді әзірлеу бойынша жаңа тәсілдер енгізіліп, құрылымы мен логи­касы жетілдірілді. Сот актілері тараптарға түсінікті болуына баса мән беріліп, судьялар өздерінің актілерін түсіндіре бастады, – деді Әлия Бердібекқызы.
Одан кейін аудандық білім бөлімі басшысы Болат Ибрагимов сөз алып, адами капиталды дамытудағы педагогтардың орнына тоқталды және білім беру саласында атқаралып жатқан жұмыстарды баяндады.
Саяси күшке ие «Nur Otan» партиясы халық­тың әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыс­тарға жауапкершілікпен қарап, бағдар­малардың сапалы жүзеге асыуын бақылап келеді. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев бақылаушылық бағыттағы жұмыстарымен таныстырды.
Стратегиялық құжатта: «2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Мемлекет тегін медициналық кө­мек­тің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көр­сетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған», – деп медициналық сапалы қыз­мет көрсету жайы баса айтылды. Бұл жөнін­де ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орын­басары Зәуреш Тілепбаева тілге тиек етті.
Оның сөзінше, ұлт саулығы – мемлекеттің басым бағытының бірі. Яғни халық денсау­лығын жақсарту жолындағы міндеттер жаңа­шылдыққа, жаңа көзқараспен жұмыс жасауға жетелейді. Қазіргі уақытта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында денсаулық саласында цифрландыру жұмыстары жүр­гізілуде. Яғни, тұрғындардың электронды ден­саулық паспортын әзірленуде. Дәрігер қабылдануына жазылу, еңбекке жарамсыздық парағын алу, патронаждық автив жұмыстары электронды негізде жүзеге асырылуда.
Ұзақ жылдар бойы мәдениет саласы назардан тыс қалғаны жасырын емес. Жолдауда мәдениет қызметкерлеріне ерекше жағдай жасайтыны, жалақысы екі есе өсетіні белгілі болды. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова қуанышын жеткізіп, мәдениет қызметкерлері жауапкершілікті сезінетінін айтты.
Аудан әкімі Жолдауда айтылған міндеттер жүзеге асуымен маңызды екенін айтып, әрбір басымдықтың сапалы орындалуына көңіл бөле­тінін ескертті.
Жолдаудағы басым­дық­тарды аудан тұрғындарына кеңінен түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізуде аудан әкімдігі жанынан ақпа­раттық-насихаттық топ құрылады. Ақпараттық топ мүшелері түсіндіру жұмыстары кезінде тұрғындардың сын-ескертпелерін жинақтап, оларды тиісті салалар бойынша шешілуін қолға алуы тиіс...

                                                                                                                                                    Нұрлат АЙТЖАН.
07 қыркүйек 2019 ж. 854 0