№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында Президенттің Жолдауы талқыланды

Жаңақорған аудандық сотында Президенттің Жолдауы талқыланды

 Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы талқыланды.
    
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Ә.Түбекбаева, судья И.Тұңғышбаев және кеңсе қызметкерлері қатысты.
  Сот төрағасы Ә.Түбекбаева өз сөзінде, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі деп аталған кешенді бағдарламаны жариялағанын айта келе, аудандық соттың жетекші маманы М.Дәріқұловқа сөз берді.
   М.Дәріқұлов өз баяндамасында, мен ел тағдырына жаны ашитын әр азаматқа зор сенім артамын деген Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жаңа стратегиялық даму бағытын айқындап бергенін, алдағы жылдары үкіметтің ұраны «Ашықтық» болмақ екенін, Мемлекет басшысы берген алғашқы тапсырмалардың бірі халықтың ойын алаңдарда ашық жеткізуіне мүмкіндік жасау екенін, шеру орыны қаланың бір шетінде өткізілмеуі тиіс екенін, алайда кез-келген заңға қайшы әрекеттер, бұзақылық заңға сәйкес жазаланатынын айтты.
    Бір кездері қоғамда қызу талқыға түскен «Жер сату» мәселесі де Жолдауда көрініс тапқанын, жер шетелдіктерге сатылмайтыны уәде емес мемлекеттің стратегиялық ұстанымы екеніне тоқталды.
   Шағын және орта бизнеске қолдау ретінде Президент алдағы 3 жылда табысқа салынатын салықты тоқтатып, тексерістерге тиым салғанын, кәсіпкердің құқығы заңмен ерекше қорғалатынын, Қазақстан бизнесі үшін ғана емес өмір сүруге қолайлы қауіпсіз ел болуға тиіс екенін айтып өтті.
   Сонымен қатар, жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы мен әйелдерге, әсіресе балаларға қатысты тұрмыстық-зорлық зомбылықтың жауапкершілігін тез арада қатаңдату керектігі айтылды. Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы.
   Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін       бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет екенін, судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие екенін, дегенмен, сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажет екендігі  айтылды.
  Реформалар реформа үшін жүргізілмеуі тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы халыққа Жолдауының түйіні осы. Бұған дейінгі жылдары мемлекет басшысының елдің ендігі дамуына байланысты бағыт-бағдарының негізінен билікке салмақ салса, ал Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың өзін оң өзгерістерді билікпен бірігіп жасауға үндеді.
                                                                                   Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
04 қыркүйек 2019 ж. 1 059 0