№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дәрігер тісті құртатын он азық-түлікті атады

Дәрігер тісті құртатын он азық-түлікті атады

 Медицина ғылымдарының кандидаты, тіс дәрігері Дмитрий Смирнов тістің эмалін бұзатын азық-түлікті атады. Бұл туралы "Известия" басылымы жазды.

Тіс эмалінің басты жауы – газдалған сусындар. Оның құрамындағы қант ауыз қуысындағы зиянды микрофлораны қоректендіреді.
"Мұз кәмпит, карамель, ирис және сағыз да өте қауіпті. Олар ауыз қуысында тіс жегінің таралуына әкеп соғады", - делінген хабарламада.
Смирновтың айтуынша, күнделікті жейтін ботқа да тісті құртатын өнімдердің қатарында. Бұл тағамның қалдығынан тіс жегі пайда болады.
Тізімге, бұдан бөлек, шала қуырылған жұмыртқа мен уылдырық, кептірілген жеміс енген. Олар тіске жабысып, тіс арасында қалып қояды. Маман бұл тағамдарды жеген соң, міндетті түрде тісті тазалауға кеңес береді.
Қышқыл жеміс-жидек пен олардың дайындалған шырындар да тіс эмалін бұзады.
Тұздық пен тосап та – қауіпті өнімдердің қатарында. Бұған қоса, чука балдырынан әзірленген салат пен маринадталған өнімдер де тісті бұзып қана қоймай, қызыл иекке зиян келтіреді.
Тізімде қышқыл жеміс-жидек пен олардан жасалған шырындар да бар.


05 қыркүйек 2019 ж. 1 290 0