» » КӨРМЕНІҢ КЕРЕМЕТІ

КӨРМЕНІҢ КЕРЕМЕТІ

«Дала күні 2019» семинарына арнайы ұйымдастырылған көрмеде «Түгіскен тәжірибе шаруашылығы» ЖШС  тиісті заманауи техникалар қойылған. Мұны таныстырған шаруашылық басшысы Нәметулла Жәрімбетұлы:

  • Егістікті ысырап етпей, жинап алу үшін техника сақадай сай болуы керек. Заманға сай жаңа болуы да тиіс. Біз мұны басшылыққа алып, 50 миллионнан аса қаражатты германиялық «Класс», Канадалық «Магдон», украиналық «Есіл» маркалы комбайндарға жұмсадық. Нәтижесі жаман емес. Сондай-ақ Қытайдан ауылшаруашылық жұмыстарын өңдейтін дрон алдырғанбыз. Құрылғы арқылы егістіктің қай учаскесіне минералды тыңайтқыштар мен гербицид беру қажеттілігі анықталады.  Бұл – шығынды азайтуға әрі өнімділікті арттыруға жол ашты, – деп жаңашыл жаңалығын айтты серіктестік төрағасы. 
Одан кейін делегаттар ауылшаруашылығы өнімдерінен қаз-қатар тізіліп, қойылған көрмемен танысты. Салтанатты шараға арнайы келген Шымкент қаласының «АгроДрон» ЖШС мамандары дәрі шашатын арнайы дрондарды әуеге ұшырып, шаруашылық мамандарының назарын аударды. Заманауи технологияның жемісі шаруаларға егіннің бітік болуына көп ықпал етеді екен. Смартфон арқылы басқарлып, қайта қондырылатын дрондар көмегімен тыңайтқыштар мен гребицидтер себуге болады. Келесі кезекте «Centurion» LTD ЖШС дақылдарды емдейтін дәрумендермен таныстырып, ауылшаруашылығы мақсатында оқуға ынталы жастарды кәсіби қолдауға дайын екенін жеткізді.
23 тамыз 2019 ж. 438 0