№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РИЗЫҚҚА ТОЛЫ АҚ ДАСТАРХАН

РИЗЫҚҚА ТОЛЫ АҚ ДАСТАРХАН

Мұндай сабақтастықтан соң, аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы бастаған ғалымдар мен құрметті қонақтар егістік алқабының қарсы бетінде орналасқан ақ дастарханға жайғасты. Мерейлі мерекеге арнайы келген Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары шаруаларды дала күнімен құттықтады.

  • Жаңақорған – даласы дәнге, көңілі әнге толы үздік аудан. Жылда егістіктен мол өнім алып, жер-анадан несібесін айырған даңғайыр диқандарды бүгінгі «Алтын орақ» мерекесімен құттықтаймын. Сан саланың өкілдерін егістік алқабында жинап, ұланасыр тойға ұласқан мұндай семинардың ауылшаруашылық саласын дамытуда маңызы зор. Олай болса, ел ырысы артып, қамба күрішке толсын, – деді Әсет Тоқтамысов.
Мұнан кейін жерлесіміз, аталмыш институттың жетекші ғылыми қызметкері Камалдин Шермағамбетов, тұқым шаруашылығы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, қалың қазақтың брендіне айналған «Маржан» сортының авторы Құрманбек Бәкірұлы сөз алып, игі тілегін жеткізді. Құрметті қонақтар қатарын толықтырған Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Тұрмат Жағыпаров:
  • Төскейде төрт түлігі аунап, Қаратау ортақ қазынамыз болған көрші ауданбыз. «Ырысын елдің еңбекпен жиған» диқаншы қауымның төл мерекесі құтты болсын. Еңбекпен есейіп, шыңырауда шайқалған ата-бабаның игі дәстүрін жалғап, шаруашылыққа дем берген ««Түгіскен тәжірибе шаруашылығы» ЖШС сынды ірі шаруа қожалықтар көп болса елдің ырысы артатыны сөзсіз. Қуанышқа ортақтасу міндет деп арнайы келдік деген көрші ауданның басшысы шаруашылық иелеріне толағай табыс тіледі.
Бұл сөзді қоштаған аудан әкімі Ғ.Әміреев:
  • Рас шаруашылықты әртараптандырудың маңызы зор. Әсіресе «Түгіскен тәжірибе шаруашылығы» ЖШС сынды ірі құрылымға айналған шаруашылық көздерін көбейту керек. Мұндай ірі серіктестіктер әр ауылда кемінде 4-5 болу керек. Өйткені ауылдағы күнкөрістің көзі – аграрлы сала. Мұны мойындайтын кез жетті, – деді.
Емін-жарқын әңгімеге ұласқан тәжірибе алмасу барысында «Ақ маржан» аталған ақ күріштің авторы Құрманбек Бәкірұлына сұрақ қойылды. Автор өзі шығарған «Маржан» сорты турасында тоқталып, тереңнен тоқталды. Ал «АйКерім» сортының селикционері Керімхан Егізбаев өзінің тың тәжірибесімен бөлісті. Арқа-жарқа әңгімеден соң, үлкен астың басында Құран оқылып, бата берілді.
P.S.: «Диқан жерін анасындай сүйеді, Жер диқанға баласындай иеді». «Диқанның қазынасы — жер». «Ексең егін ішерсің тегін». Бағзы бабалардың баталы сөзіне дала дидары айшықталған семинарда қанықтық. Әлеуметтің әлеуетін арттыруды мақсат еткен шаруашылық басшылары «Еңбек ерлері» мен көнекөз қарияларға күріш үлестіріліп, көптің алғысын алды. Шаруасы шалқыған қожалыққа біз де толағай табыс тілеп, егін бітік болуына тілектесітк білдірдік.
                                                                                                                                            Ханзада  ДОШАН
 
23 тамыз 2019 ж. 1 162 0