Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САУДА МӘДЕНИЕТІ – БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІК

САУДА МӘДЕНИЕТІ – БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІК


Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында: «...негізгі міндеті көлеңкелі экономикамен күрес болуға тиіс. Қаржы мониторингі комитетіне функцияларын бере отырып, Экономикалық тергеу қызметін қайта құру қажет. Біз «қолма-қол ақшасыз экономикаға бет бұруымыз керек. Мұнда жазалаушы ғана емес, сондай-ақ бизнестің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын қолдау сияқты ынталандырушы құралдарға да сүйенген жөн», – деп нақты міндеттер қойды.


Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс­тер басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Талғат Қалдыбаевтың айтуынша, жыл басынан бері аудан бойынша 84 онлайн кассасы орнатылып, олар «Қазтелекомға» тіркеліп, күнде­лікті сауда жұмысы бақылауда болады. Сол арқылы кіріс, шығысының мөлшері нақтыланады.
Елбасы Жолдауындағы тапсырма бойын­ша негізгі міндет – көлеңкелі экономиканы барын­ша азайту. Осы бағытта Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16-шы ақпандағы №206 бұйрығымен Қазақстан аумағында жұмысын жүзеге асыратын салық төлеу касса машиналарын қолдану қызметін төрт кезеңмен атқару міндеті бекітілді. Яғни, жаңа үлгідегі кассалық аппараттарға 2019 жылдың 1-сәуірінен бастап 323 қызмет түрі енгізіледі. Ал, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 86 қызмет түрлері онлайн кассаға көшірілсе, 2019 жылдың 1-қазанынан бастап 224 қызмет түрі осы үлгіге көшуі тиіс. Нәтижесінде кассалық аппараттар 633 қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетуге қабілетті болады.
Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жыл басынан бері салық төлемгерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Заңды тұлғалар, дара тұлғалар, кәсіпкерлер бұлар­дың барлығы да салық төлеушілерге жатады. Олардың 84-і кассалық аппараттарын кіріс басқармасына тіркеп, онлайн режимінде жұмыс жасауға көшті. Әлі де ұйымдастыру шаралары жаса­луда. Барлық кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға ескерту хаттары үш рет табыс етілген. Базарларға шығып сауда жасайтын тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Олар да түсіністікпен қабылдап, жаңа үлгідегі кассалық аппараттарды сатып алып, ресми түрде тіркеле бастады.
«Айта кететіні, «Меркурий-115», «Ока» кассалық аппараттары қазіргі кезде жарамсыз. Олардың есте сақтау қабілеттері төмен, тек тұтынушыларға чек береді. Ал, қазіргі кассалық аппараттарда қанша қаржыға сауда жасалды, қанша адамға чек берілді, мұның барлығы айлап, жылдап сақталады. Ол өзінің нақты есеп беруіне де қолайлы. Яғни, оның жасаған сауда айналымы аудандық Қазақтелеком байланысымен бізге автоматты түрде келіп тұрады. Заңды аттаған субъектінің салық декларациясын тексеруге біздің бұрынғыдай мүмкіндігіміз бар», – дейді Талғат Оңғарұлы.
Мамандардың айтуынша, ТМД мемлекеттері ішінде салық мөлшерлемесі ең төмені – Қазақстан. Ресейде қосымша құн салығы – 18 пайыз болса, ал, Қазақстанда – 12 пайыз. Қазір онлайн режімінде жұмыс істеушілер табыс салығы 3 пайыз көлемінде қалыптасып отыр. Патентпен жұмыс жасаушылар табысының бір пайызын ғана төлейді. Басқа мемлекеттерде бұл көрсеткіш он пайызға дейін барады. Сондықтан, салықтан жалтару деген ұғым болмауы тиіс. Кәсіпкерлер сауда айналымын толық көрсетіп, ашық жүргізу арқылы елдің дамуына үлес қосуға мән беру қажет-ақ.
«Салықтан жалтарушыларды камералық бақы­лау атты жүйеміз бар. Олардың барлық сала мен мекемелермен, кәсіпорындармен жасаған қызмет түрлерін тексереміз. Қандай заттар, бұйымдар жасағандығын, тауарларын қайда өткізгендігін білеміз. Оны облыстық департаменттің бөлім­дерімен бірлесіп, жан-жақты тексеру жүргізіп, бізге тапсырған салық декларациясымен жасаған сауда айналымының ара жігін салыстыра отырып сараптаймыз.
Жыл басынан бері 35 салық төлеуші 21 318 395 теңге айналым сомасын көрсетіп, бюджетке 669 мың теңге көлемінде салық түсті. Жыл басынан бері салықтан жалтарған 18 мекемені анықтадық. Оларға тиісті шара қолданылды», – дейді басқарма басшысы Берік Ниеталиев.
Кассалық аппараттарды заңды тұлғалар сатады. Мәселен, Қызылордада технология сауда орталығында кәсіпкерлерге қол жетімді бағамен кассалық аппараттар тұр. Олардың орташа бағасы 21 мың теңгеден айналады. Сондай-ақ, ұялы телефондармен де онлайн сауда жасауға болатын мүмкіндіктер ашылуда. Осындай барынша жеңілдік жасалып отырғанда да заң бұзушыларға қолданылатын жазаны күшейтуді Үкімет басшылыққа алды. Себебі, қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 281 бабында бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін бұзу бойынша алдымен ескерту жасалады. Заңды тұлға бір жыл ішінде қайталаған жағдайда – жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салуға әкеп соғады. Қазіргі кезде АЕК шамасы 2525 теңгені құрайды. Отыз мың теңгеден астам айыппұл төлегенше заңды тұлғалардың 21 мың теңгеге кассалық есеп машиналарын сатып алып, ресми тіркелгені өзіне де қолайлы.
Қазір енді әрбір Қазақстан азаматы сауда жасаған уақытта чек беруін талап етуді міндетіне кіргізуі тиіс. Себебі, сапасыз тауар алған жағдайда оны қайтарып беруіне болады. Сол тағамнан уланып қалған жағдайда да чектің қажеті бар. Ол арқылы субъектінің салықтан табысын жасырып қалуына да тосқауыл қоюға көмектескеніңіз. Бір сөзбен айтқанда, сауда мәдениеті – басты қажеттілік болып отыр.

Иса БЕРКІМБАЙ.

27 сәуір 2019 ж. 2 016 0