БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ: СЫРДЫҢ СЕРПІНДІ СЕРПІЛІСІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында есеп беретін мемлекетті қалыптастыруды тапсырған болатын. Бұл тұста, елдегі кез келген қадам әлеуметтің назарынан тыс қалмайтыны айқын. Осындай міндеттерді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев басшылыққа алып, өңір тұрғындарымен ашық пікір алмасуға шығып, ашықтық пен жариялылық принципін ұстанып келеді. Оның дәлелі, облыстық мәслихаттың кезекті ХХІ-сессиясында 2018 жылдың І-жарты жылдығының бағыт-бағдары жайлы есеп берді.
КӨРСЕТКІШТЕР БОЙЫНША
КӨШ БАСЫНДАМЫЗ
Аймақ басшысы 2017 жылы облыста жалпы құны 1,5 трлн. теңгенің өнімі шығарылғанын және бұл 2016 жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға көп екенін атады.
– Біз Жалпы өңірлік өнім бойынша соңғы 4 жылда, алғаш рет оң векторға шықтық. Бір ғана өңдеу өнеркәсібі саласының өндіріс көлемі осы жылдары 56 пайыздан асып түсті. Яғни, соңғы жылдары көмірсутегі және уран өнімдерінің бағасы түсіп кеткеніне қарамастан, жақсы өмір сүріп, қарқынды дамуға болатынын дәлелдедік. Қазір өңір экономикасының көмірсутегі шикізатына тәуелділігі едәуір азайды. Биылғы жартыжылдық та облысымыз үшін табысты болды деп айта аламын. Барлық макрокөрсеткіштер бойынша жағымды оң динамикаға қол жеткіздік, – деді Қырымбек Көшербаев.
Ендігі кезекте бағындырған көрсеткіштерді талдап көрсек. Біріншіден, инвестициялар көлемі (117,2 пайыз), құрылыс жұмыстары (115,9 пайыз), ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру (102,7 пайыз) және өңдеу өнеркәсібі көлемі (100,5 пайыз) жоғары болған. Екіншіден, өңдеу өнеркәсібі саласындағы еңбек өнімділігі биылғы бірінші тоқсанның өзінде 10 пайыздан асса, шикізаттық емес өнім экспортының көлемі 2,7 есеге көбейген.
Үшіншіден, облыс бойынша мұнай өндіру көлемінің жылдан-жылға азаюын ескерсек, өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша аздап қалып келеді екенбіз (95,3 пайыз) және тұрғын үй беру бойынша (74,3 пайыз) біршама мәреге жетпей тұр екенбіз.
Дегенмен, тау-кен (122,8 пайыз) және өңдеу өнеркәсіптеріне (3,1 есеге өсу бар) салынған инвестициялардың оң динамикасы мен мұнай нарығына қатысты жағымды болжам жасалып отырғанын және жыл соңына дейін 36 көпқабатты тұрғын үйлердің берілетінін ескерсек, жылдың аяғына дейін осы екі көрсеткіш бойынша да өсім қамтамасыз етіледі деген сенімді болжам бар.
Экономикадағы оң үдерістің ықпалы жыл бойы өңірдегі жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайыздан асырмай ұстауға мүмкіндік беруде. Бұл тіпті республиканың орташа көрсеткішінен бірнеше сатыға төмен екен.
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ИГІЛІГІ
Өңір басшысы Қызылорда облысында индустрияландыру Картасының аясында 22 жобаны жүзеге асырып, қазір оның 16-сы бойынша өнім өндіріліп, 1700 адам жұмыспен қамтылып отырғанын жеткізді. Ал, биылғы 6 айда осы жобалар шеңберінде жалпы құны 11 млрд. теңгеден астам өнім шығарылғанын атап өтті.
– Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Ал, осы Карта жобалары негізінде өндірілген өнім экспорты 37 пайызға көбейген. Қазір жалпы құны 620 млрд. теңге болатын, экспортқа бағдарланған тағы 26 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталды. Нәтижесінде, тағы да 6 мыңнан астам жұмыс орнықұрылады. Оның ішінде 4 жоба бойынша – молибден өндіру және балық өңдеу, сонымен қатар, цемент және шыны зауыттарын осы жылы іске қосатын боламыз, – деді облыс басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі басқа да ірі инвестициялық жобалар бойынша жұмыстар қатар жүріп жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында әзірлік жұмыстарын аяқтап, кен-байыту комбинатының құрылысын қаржыландыру мәселесі толыққанды шешіліп, жұмыс басталғанын атап өтті. Иә, бүгінде Шалқия кенішіне қайта жан бітіп, тірлігі түзелді. Жұмыс қарқыны қуатты. Болашағы баянды. Келешегі кемел. Бір кездері өңір экономикасының өрістеуіне сеп болған Шалқия экономикалық құлдырауды бастан кешірді. Қазір қайта жаңғырту кезеңінен өтуде. Бүгінде ондаған ірі өнеркәсіп орындары қайта қоныстанып, халықты жұмыспен қамтуда. Бұйыртса, «Шалқия Цинк» компаниясы толық іске қосылса, аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артары сөзсіз.
АГРАРЛЫ САЛАНЫҢ
СЕРПІНІ ҚУАТТЫ
Бүгінде Сыр елінде аграрлы саланы дамытуда тың серпіліс бар. Оның ішінде, ауыл шаруашылығының көкжиегі күн санап кеңеюде. Айқын көрінісі, соңғы жылдары (2013-2017 жж.) облыстың Жалпы өңірлік өнім құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі 2,5 пайыздан 3,7 пайызға дейін артқан. Бұл өңір экономикасы құрылымында сапалы өзгерістер бар екендігін көрсетеді.
– Осы жылдар ішінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 23 есе, тамақ өнімдерін өндіру 5 есе артты. Тек биылғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 85 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 2,7 пайызға, азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 15 пайызға артса, ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты көлемі өнімнің заттай көрінісінде 7,3 пайызға, ал, қаржы эквивалентімен 66%-ға өсті, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ әкім баяндамасында Жаңақорған ауданында түрік инвесторларының қатысуымен қызанақ өсіретін ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын айта келе, қазіргі таңда қызанақтың Түркия елінен әкелінген сорттарына сынақ жүріп жатқаны белгілі болды. Оған қоса, «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы Жаңақорған ауданында асыл тұқымды баспақ өсіру үшін репродукция орталығын құруға қаржы бөлінген.
АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ
ШЕШІМІН ТАБАДЫ
Кезекті сессиядағы келелі мәселенің бірі – ауыз су тапшылығының түйіні тарқатылатыны сөз болды. Өңір басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы 72 км су құбырын және 4,5 км кәріз желісін қайта жаңғыртуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұдан басқа, ағымдағы жылы Сырдария ауданындағы Қалжан ахун, Жалағаш ауданындағы Шәменов және Мырзабай ахун елді мекеніндегі су құбырлары желілерінің құрылысы жалғасатыны белгілі болды.
– Сумен қамтамасыз етуге қатысты көп жылдар бойы Жаңақорған кенті жалғыз проблемалық орталық болып қалып келеді. Сондықтан, өткен жылдан бері 193 км су құбырлары желілерін ауыстыруды қарастыру шеңберінде құны 4 млрд. теңгеден астам жобаны іске асыру басталды. Бүгінгі күні 163 шақырым желі салынды, қалған 30 км құрылысты ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтаймыз. Осылайша, сумен қамтамасыз ету проблемасын бұл елді мекендерде толықтай шешетін боламыз, – деді Қырымбек Көшербаев.
Одан өзге өткен жылдың маусым айынан бастап облыста ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету бойынша "Қазсушар" кәсіпорны бірыңғай оператор ретінде жұмыс жасайды. Облыс әкімі бұл шешімді әлсіз материалдық-техникалық базадан туындайтын, жергілікті аймақтарда арнайы техниканың және білікті мамандардың болмауына байланысты сумен қамтамасыз ету жүйесін дұрыс пайдаланбауға әкеп соғатын проблемаларға байланысты қабылдағанын сөз етті.
КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ
Өздеріңізге белгілі, биыл аймақ басшысының бастамасымен 2018-жыл – Қызылорда облысында Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланған болатын. Бұл өз кезегінде нәтижелі жемісін беруде. Бір ғана биылғы жылдың өзінде Аймақтық инвестициялық орталықты қаржыландыруға облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, шағын бизнестің 280 жобасы қаржыландырылды және 540-тан астам тұрақты жұмыс орны құрылған
– Біз кешенді «Жол Картасын» әзірледік, соның нәтижесінде ағымдағы жылы барлық қаржы көздерінен 32 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу көзделуде. Өткен маусым айында облыстың барлық аудандарын жұмыс сапарымен аралап шығып, аудан басшылары мен жауапты кураторлардың шағын кәсіпкерлікті дамыту жоспарларымен танысып, жұмыстарын тыңдадық. Айта кету қажет, қабылданған шаралардың алғашқы нәтижелері байқалуда. Ағымдағы жылы облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субьектілер 11 пайызға көбейді. Аталған көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы аймақтар арасында көш бастап тұр, – деді Қырымбек Елеуұлы.
Одан бөлек, халықты жұмыспен қамту мәселесін кәсіпкерлікті дамыту, оқыту және басқа да белсенді шаралар арқылы шешуге ықпал ете отырып, сонымен қатар, бүгінгі күні жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды пайдалы еңбекпен барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қамтамасыз етуге де барынша күш салып жатқаны баяндамаға арқау болды.
Осылайша облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында сөзін түйіндеген өңір басшысы Қырымбек Көшербаев Аймақты дамыту бағдарламасында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сипаттайтын жылдың соңына дейін қол жеткізуге тиіс 121 индикатор қаралғанын айтты. Барлық осы сан-алуан жұмыстың нәтижелерін қорытындылайтын ең негізгісі, бұл өңірлік өнімнің физикалық көлемінің индексі болып табылатынын тілге тиек етіп, оны 100,4 пайызға жеткізу – 2018 жылға міндет екенін айрықша атап өтті.
Сессия соңында жарыссөзге шыққан облыстық мәслихат депутаты, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов «Жаппай кәсіпкерлік қолдау жылы» аясында ауылдық округ әкімдерін оқыту жобасы да өміршең бастама екенін жеткізді. Әрі аймақтың негізгі көрсеткіші инвестиция тарту мүмкіндігін ескере отырып, нәтижелі жұмысты бір жылмен шектемей, кәсіпкерлерді қолдау шараларын 2020 жылға дейін жалғастырса деген ұсынысын айтты. Ал, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов облыс әкімімен өңірді бірлесе өркендету аясындағы көзқарастары мен бастамалары елдің ортақ игілігіне айналып жатқанын тілге тиек етті.
Бірлескен істе береке бар екендігін сөз еткен Наурызбай Сейтқалиұлы алдағы уақытта да Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына ортақ мүдде аясында жұмыс жасай беретіндіктерін айтты.
Әбдісамат ӘБДІШ.

Пікір 3