№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЦИФРЛАНДЫРУ: ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ: ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ


ХХІ ғасыр ақпарат таратудың тың тетігін, жаңа үлгісін алып келді. Мұндай үдеріс, мемлекеттік қызмет көрсету саласына да тың талап қойып отыр. Яғни цифрландырудың игілігін икемдеу қажет-ақ. Бұл жөнінде Елбасы Жолдауында баса мән беріп, мазмұнын ашып айтқан еді. Осы тұста, аудандағы мемлекеттік қызмет көрсетудегі цифрландыру қандай деңгейде екенін бағамдап көрдік.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, цифрландыру бірінші кезекте қызмет көрсету саласынан басталуы керек. Мұндағы мақсат – мемлекеттік қызмет сапасын арттырып, тұрғындардың уақыты мен шығынын азайту және қажеттіліктеріне кедергісіз қол жеткізу. Бүгінде мемлекттік қызмет түрі көп көрсетілетін орынның бірі – халыққа қызмет көрсету орталығы. Өйткені, қандайда бір құжат дайындайтын болсаңыз, осы мекемесіз жұмыс бітпейді. Сондықтан, ақпараттық жүйенің артықшылығын орнатуды қажет ететін бірден-бір мекеме осы.
– Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісін үнемі дамыту үстіндеміз. Мәселен, кезінде «бір терезе» қағидатына көшіп, оның игілігін халыққа ұсынсақ, қазір сол қағиданы дамыта отырып, «бір өтініш» қағидасына көшіп отырмыз. Сондай-ақ, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен кент, ауылдық округ әкімдіктерінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жасақталды, мемлекеттік органдардың 5952 қызметшісі электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілді, – дейді аудан әкімі аппараты ақпараттық технологияларды дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу және есеп бөлімінің бас маманы Венера Ажимова.
Венера Манарбекқызының айтуынша, ауданда жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 96 мемлекеттік қызмет түрі бар. Оның 65 түрі мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілсе, 44 қызмет қағаз жүзінде, 50 қызмет электрондық нысанда көрсетіледі. Аудан бойынша 2018 жылдың І тоқсанында 11543 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 1611-і мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде болса, баламалы түрде мемлекеттік орган арқылы 5392 көрсетілген. Ал, мемлекеттік корпорация арқылы – 1381, электронды түрде көрсетілген қызметтер саны – 3159. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, былтыр 8820 қызмет көрсетіліп, оның 1093-і электронды түрде көрсетілген. Демек, электронды қызмет көрсету үлесі өткен жылмен салыстырғанда биыл 14,9 пайызға артқан.
Сондай-ақ, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламысы аясында аймақ тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру мәселесі бойынша негізгі цифрлық және электронды үкімет дағдыларына үйрету мақсатында аудандық білім бөлімі, аудандық аграралы-техникалық колледж, Мемлекеттік корпорацияның аудандық филилалы тарапынан 2018 жылдың 23 мамырынан бастап оқытулар басталған. Оқыту аясында 4940 азамат негізгі цифрлық дағдылар, Электронды үкімет және Ашық үкімет порталдарымен жұмыс істеу дағдыларына үйрету басшылыққа алған екен.
– Елде электронды үкіметтің www.e.gov.kz порталы жұмыс жасайтыны белгілі. Ол арқылы тұрғындар мемлекеттік органдардың барлық ақпараттарына қол жеткізе алады. Ауыл халқының ішінде аталмыш порталға тіркеліп, электронды цифрлық қолтаңба алғандары мемелекеттік қызмет түрлеріне оңай түрде қол жеткізіп отыр. Мәселен, түрлі анықтамалар мен шаруашылыққа қажетті құжаттарды алуға болады. Бастысы, тұрғындардың цифрландыруды меңгеріп алуына байланысты, – дейді Манап ауылдық округінің әкімі Ербол Әлменов.
Иә, жаппай әлем елдері цифрлануға көшіп жатқанда оның артықшылығы мен игілігінен жаңақорғандықтар да қалыс қалған жоқ. Оған халыққа қызмет көрсететін органдарда кезек мәдениетінің қалыпқа түскені де дәлел.
– Бүгінде мемлекеттік қызметтің сапасы артып келеді. Халыққа жағдай жасалуда. Бұрындары бір анықтаманы алу үшін бірнеше есікті қағып, табанымыздан тозатын едік. Қазір көп құжатты «бір терезе» қағидасы бойынша алып жүрміз. Ертеректегідей кезекке тұрып, түсініспеушілік те туындамайды. Талонмен өз кезегіңмен кіресің. Тіпті, e.gov.kz порталы арқылы үйден анықтама аламын. Жалпы, цифрландарудың бізге берер артықшылығы мол, – дейді кент тұрғыны Салтанат Садықова.

Түйін. Әлемдік экономиканың мүшесі болып отырған Қазақстан жаңа технологиялардан қол үзе алмайды. Өйткені, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Корея сияқты технологиялық державалар цифрландыруға көшіп, өнеркәсіп саласын тұтастай роботтандырып жатыр. Оның арқасында еңбек өнімділігі мен сапасы артады. Міне, осындай дамыған мемлекеттердің қатарына енуді көздеген Елбасы қызмет көрсетуді автоматтандыруды тапсырған болатын. Ондағы мақсат – заманауи технологияның көмегімен қызметтің сапасын жақсартып, жемқорлықтың тамырына балта шабу.
Айсұлу АЛДАНАЗАР.
19 маусым 2018 ж. 1 532 0