№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Облыс әкімі егіс алқабын аралады

Облыс әкімі егіс алқабын аралады



Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев егiс алқабын аралап, шаруа қожалықтарымен күрiш өсiру мәселелерiн талқылады.
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев егісті күтіп-баптау және суару барысын баяндады.  Биыл  дақылдарды  тұрақты суаруға 3,8 млрд. текше метр су  лимиті белгіленді. Осыған сәйкес,  195,9 мың гектар жерге  дақылдар егілді. Оның ішінде күріш көлемі 88,1 мың гектар,  дәндi дақылдар 100,4 мың гектар, майлы дақылдар 5,3 мың гектар, мал азықтық дақылдар 70,4 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 19,9 мың гектар.  Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 7,4 мың гектарға, күріш 9,5 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақша 302 гектарға артық болса, майлы дақылдар 653 гектарға, мал азықтық дақылдар 916 гектарға кеміген.  
Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 872,5 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 577,5 гектар жерге тамшылатып, 295 гектарға жаңбырлатып суару әдістері қолданылған.
Аймақ басшысы егін маусымын ұтымды ұйымдастырып, өнімді шығынсыз жинауды тапсырды.
30 шілде 2023 ж. 158 0