Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тимур Құлыбаев: Бастысы ­– кәсіпкерлердің билікке деген көзғарасы өзгерді

Тимур Құлыбаев: Бастысы ­– кәсіпкерлердің билікке деген көзғарасы өзгерді


Бизнеспен билік арасындағы қалыптасқан өзара қарым-қатынасты «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында мәлімдеді. Бүгінгі отырыста «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  5 жылдық жұмысының нәтижесі баяндалды. Жиынды ашқан  ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин «Атамекен» ҰКП-ның қысқа мерзімде отандық кәсіпкерліктің дамуы мен мүддесін қорғау бағытында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті.   «Атамекен» бірінші кезекте Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың тиімді байланыс әрі сараптамалық алаңына айналғанын сеніммен айтуға болады.

Осы жылдар аралығында сіздер мәселеден мәселені шешіп, өңірден өңірге барып, басты миссияны сәтті орындап келесіздер. Бұл іскерлік депутаттық корпус, фракциялармен атқарылып жатқан жұмыстан да көрініп тұр. Заң жобаларды қарастыруда депутаттық корпус «Атамекеннің» кәсіпкерлікке қатысты ұстанымын мұқият зерттеп, негізінен Палата бастамаларының 80%-дан астамына қолдау білдіреді», – деді Нұрлан Нығматулин. Осындай өзара тиімді байланыстың орнауына 2015 жылы қабылданған Кәсіпкерлік кодексң себептигин тигизип, аталған құжатқа алғаш рет кәсіпкерлік қызметті реттейтін барлық құқықтық нормалар біріктірілген болатын. Еліміздегі бизнес ахуалдың жақсаруына әсер ететін заңнамалар ішінде Салықкодексі, Кеден және «Жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс және кеден кодксті жатқызуға болады. Оларды әзірлеуде депутаттар «Атамекенмен» тығыз қарым-қатынас орнатып, бизнес субъектілерге процедураларды айтарлықтай жеңілдететін түзетулер енгізді.
 Мәжіліс төрағасы мем фукцидф басекел ортага ьеру жонинде сарапшылар тобынан курылган «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен депутаттардың тиімді ынтымақтастығының жақсы үлгісі ретінде Үкіметте құрылған мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру бойынша сарапшылар тобының жұмысын атады. Осы ретте отандық бизнестің түйткілді мәселелері де көтерілді. Оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған несие көздерінің тапшылығы, қызметкерлер біліктілігінің төмендігі, сыртқы нарықтарға шығуға қатысты және тб мәселелер қамтылды. «Оларды шеше отырып, Мемлекет басшысы қойған 2050 жылға қарай еліміздің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін кемінде 50%-ға жеткізу мақсатына қадам баса аламыз. Президенттің қолдауымен, қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктердің арқасында осы мақсатқа жете алатынымызға сенімдімін», – деді Нұрлан Нығматуллин.
Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Ұлттық палата бизнес пен биліктің арасындағы байланыс алаңы ретінде құрылғанын және осы міндетті сәтті жүзеге асырып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысының күн сайынғы қолдауы осы байланыс алаңында өзіңді жайлы сезінуге мүмкіндік беруде. Жалпы бизнеске деген көзқарас өзерді Мемлекеттік органдар қарым-қатынасын өзгерте бастады – олар кәсіпкерлерге көмек көрсетіп келеді, бірақ ең бастысы бизнестің билікке деген қатынасы өзгерді: кәсіпкер мемлекеттік органдардың өкілдерімен қандайда бір қатынас орнатуда қашқақтап, олардан көмек күтпей, ешқандай байланыспаудан қалыпты қарым-қатынас орнатуға дейін көтерілді. Жағдай өзгерді, ең бастысы осы», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

08 маусым 2018 ж. 1 083 0