Ақтөбенің дарынды жастары Тимур Құлыбаевпен кездесті
Ақтөбе өңіріне жұмыс сапарымен келген «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бірқатар нысандарды аралады
Бірінші кезекте ҰКП Төралқа Төрағасы «Олимп» жаңа хоккей модулінде болды, онда балалар шайбалы хоккей, шорт-трек және сырғанау бойынша тегін секцияларда жаттығады.
ҚР Олимпиада комитетінің төрағасы ретінде Тимур Құлыбаев балалар спорт мектептері еліміздің әлеуетті қорын дайындайтынын айтып, осындай кешендер болашақ чемпиондардың көп буыны үшін зор мүмкіндік екенін атап өтті.
4 мыңға жуық кішкентай ақтөбелік қатысатын балалар творчествосын дамытуға арналған Шығармашылық академиясы Палата басшысы барған екінші нысан болды. Мұнда түрлі бағытта 36 үйірме: би, көркем сурет, ән, музыка, роботехника, машина жасау, авиа құрылысы, ғарышты зерттеу және т.б. бағыттар бар.
Мұнда ғылыми обсерваториямен жабдықталған толыққанды планетарий салынған. Онда мектеп оқушылары республикалық және әлем байқауыларына қатысу үшін ғылыми жобаларын әзірлейді.
Ұшақтарды зерттеуге арналған сыныпта авиалайнердер моделдерін – жолаушыларды тасымалдайтын боингтен бастап, атқыш ұшаққа дейін жасауға мүмкіндік те қарастырылған. Жасөспірім конструкторшылармен әңгімелескен Тимур Құлыбаев оларға шығармашылықта сәттілік тіледі.
Балалар шығармашылығына арналған академияны МЖӘ жобасы аясында 1,5 млрд теңге инвестиция құйып, «ТНК КазХром» АҚ салған, осылайша ел үшін қажетті кадрлар дайындауға үбелі үлес қосылды. Келешекте мұнда балалар технопаркі және кәсіпкер болғысы келетін жастардың стартаптары үшін бизнес-инкубатор ашылмақ.
АлАқтөбеде бизнестің әлеуметтік белсенділігі «Өнер орталығында» жанданды. «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ауданы 13 мың шаршы метрді құрайтын, батыста ірі ғимаратқа 1,5 млрд теңге инвестиция салды. Орталықта 1200 көрерменге шақталған концерт залы бар. Мұнда түрлі көрме, перформанстар және басқа да мәдени шаралар тұрақты түрде өтеді.
«Атамекен» басшысы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қолдауымен ашылған «Үміт» оқу-өндірістік кешені жұмысымен танысты. Бұл орталық ҰКП оқу орталықтары тізіліміне енген.
Қысқа мерзімді оқу курстары, бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі жұмыссыз азаматтарға арналған. Сәуір айынан бастап 60-қа жуық әйел «тігін» мамандығы бойынша оқуды бастап кетті. Қазіргі таңда «пішу және тігу» мамандығына іріктеу жүріп жатыр. Оқуға қатысушылардың барлығы кепілдендірілген шәкіртақы алады.
Орталыққа барған уақытта мұнда сабақ жүріп жатты, Тимур Құлыбаев тыңдаушылармен сұхбаттасты. Курстарға қатысушылар «Үміт» оқу орталығы оларға болашаққа үміт сыйлап, мамандық алуға,жергілікті кәсіпорындарда жұмыс істеуге, тұрақты табысқа ие болуға және өз отбасыларына қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін айтты.
Курс аяқталған соң түлектер 15 жыл бойы мұнай-химия, метуллургия, тау-кен, электр энергетикасы, құрылыс, күзет құрылымдарына арнайы киім үлгісін тігетін жергілікті фабрикаға жұмысқа орналасады.
«Глобал-Спецодежда» ЖШС кәсіпорындарды кешенді қамту бойынша маманданған, ТМД мемлекеттері өндірушілерінің және еуропалық жеке қорғау құралдары мен арнайы аяқ киім брендтерінің дистрибьютері және дилеры болып табылады. Өндірістің қуаттылығы – жылына 100-150 мың өнім шығару. Барлық өнімге фабрика CT-KZ сертификатына ие. Жергілікті қамту үлесі 50%-ды құрайды.
Өңірде жуық арада тағы бір фабрика құрылысы аяқталады да 150 жаңа жұмыс орны құрылады.