Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 48

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нақты іс нәтижеге жол ашады

Нақты іс нәтижеге жол ашады

Соңғы екі-үш жылдың көлемінде кент іші ерекше келбеттеніп, заманауи архитектуралық үйлесімі үлгілі өркендеп келе жатқанына көпшілік куә. Бұл жұмыстарда ел бюджетінен жоспарлы қаралған қаржы көздерінен басқа туған топырағына қолдау көрсетіп, демеушілік көмектерін аямай келе жатқан үлкен жүректі азаматтардың ықыласты ниеті өркениет өрісіне өзінше өрнегін қалыптастыруда.
Елдің көз алдында қанат жайған бұл жарқын істердің әрбірі өзіндік сәулет-салтанатымен атамекен ажарын айшықтап, тамырлы шежіресін тереңдете түсуде. Бейсенбі күні орталықтағы Мәдениет үйінде өткен кент әкімінің есебін тыңдауға арналған жиында осы атқарылған жұмыстар жөнінде жан-жақты ақпарат алдық. Бұл жөнінде тарқатқан кент әкімі Асқар Ибрагимовтың хабарламасы төмендегіше өрілді.
– Жаңақорған кентінде 6131 тұрғын үй, 162 көше бар. Бүгінгі таңда 114 көше асфальттанған, 46 көшеге тас төселген. 138 көше жарықшаммен қамтамасыз етілді. Енді қалған көшелерді де талапқа сай жарақтандыруда жоспарлы жұмыс жүргізіледі, - деі ол. Кент әкімі одан әрі Жаңақорған кенті бойынша халықтың жұмыспен қамтылу мәселесі туралы сөз етті. Жұмыссыздар есебі кент бойынша 5 пайызды құрап отыр екен. Биыл барлығы барлығы 798 азамат уақытша жұмыспен қамтылды. Жаңақорған кенті бойынша 2024 жылға салықтық түсімдер болжамы 343 768,0 мың теңге жоспарланған. Ол 108 пайызға орындалып отырғанын айтты. Ең басты мәселе – кент көшелерінің жолдары, көше жарығы мен тазалығы, көркейту-көгалдандыру бағытындағы жұмыстарға жеке-жеке тоқталды. Тарқатып айтқанда, кент орталығындағы Ү. Мадиев, М.Жапаров, Пақырдинов, С.Молдалиев көшесіндегі бағаналарға жарық диодты көше шамдарын орнату жұмыстарына 12700,7 мың теңгеге келісім шарт жасалып, құрылыс жұмыстары толығымен жүргізілгенін жеткізді.
Көптен көтеріліп келе жатқан кенттегі М. Нарымбетов көшесінекөше жарығын орнатуға бюджеттен қаржы қаралып, «Қымбат и К ЖШС жеңімпаз болып танылып, жұмыс басталып кетіпті. Сондай-ақ М.Әуезов, Б.Аралбаев, Н.Айдарбекұлы көшелеріне көше жарығын орнату жұмысының жоба сметалық құжаттары әзірленіп, қазіргі таңда сатып алу жұмыстары жүргізілуде екен.
Саяжай мөлтекауданында Ұлттық жоба аясында «Жайлы мектеп» құрылысы басталуына орай абаттандыру жұмыстарына 55 734 589,0 мың теңге бөлінген. Қазіргі уақытта қарқынды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы асында Қ.Сағырбаев, Қ.Наурызбаев, Б.Майлин, Жаңауыл, Тәуелсіздік көшелеріне аялдама орнатуға 6 500,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, аялдамалар толығымен пайдалануға берілді. Жаңақорған кентіндегі 11 көшеге тас төсеу мен ағымдағы жөндеу жұмыстары 27 521,0 мың теңге қаралған. Тас төсеу жұмыстары толығымен атқарылды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен кенттегі А.Иманов және Алтынсарин, О.Илиясов, М.Жапаров көшесін күрделі жөндеуге келісім шарт жасалып, аталған жұмыс толық аяқталды. Кент әкімі хабарламасында тас төселуі қажет кентішілік көшелерге бюджеттен қаржы бөлініп жұмыс толығымен аяқталғанын айтты. Сондай-ақ, Алтынсарин мөлтек ауданында әлеуметтік жағынан әлсіз топтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы соғылып жатқан жаңа тұрғын үйлердің аралығына тас төсеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлінгенін, тиісті құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
Сондай-ақ,оқушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында Жаңақорған кентіндегі Сығанақ және Шонабаев көшесіне тротуар салуға бюджеттен қаржы бөлініп, ол толығымен аяқталғанын білдік.
– Жаңақорған кентінде орналасқан Әлшекей Бектібайұлы көшесіне жергілікті бюджеттен 10 380,0 мың теңге қаржы бөлініп, балаларға арналған спорт алаңқайының қүрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар Ипподром мөлтекауданында орналасқан А.Абуталипов және Ғ.Мұхамеджанов көшелері бойынан спорт алаңқайын орнатуға жоба құжаты әзірленіп, 2025 жылға жоспарланып отыр, – деді ол.
Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе – кент тазалығы жөнінде ерекше тоқталды. «Жаңақорған Тазалық» мекемесі әлі лимит белгіленбегендіктен штат құрамы аз, күнделікті жұмысқа көлік қозғалысы демеушілердің есебінен іске асып, «шықпа жаным шықпамен» күн көріп отырғанын жасырмады. Осы мәселе тезірек шешімін табуы тиіс. Кенттегі полигон мәселесін түпкілікті шешуге қаржы бөлініп отыр екен. Сондай-ақ, көше жарығы мәселесін реттеуде әрі электр энергиясын үнемдеудің бірден-бір көзі ретінде күн сәулесінен қуап алатын панельдер орнатудың жобасы әзірленуде екен.
Әкім кент тұрғындары атынан сауал қойған Әлібек Сүгірбаев, Айкерім Әбілтаева, Ербол Ысқақовтардың сауалдарына жауап берді.

Баян ҮСЕЙІНОВА

17 қараша 2024 ж. 350 0