№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨПШІЛІК ОРЫНДАР ТАЗА, ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАЙЛЫ БОЛУЫ ТИІС

КӨПШІЛІК ОРЫНДАР ТАЗА, ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАЙЛЫ БОЛУЫ ТИІС

Сенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте елді мекендерді көркейту, абаттандыру мәселелері талқыланды.
Аймақ басшысы облыс орталығы мен барлық аудандағы атқарылған жұмыстарға күнделікті бақылауды күшейтуді тапсырды.
Қазіргі демалыс маусымында көпшілік орындардың келушілерге ыңғайлы әрі жайлы, ең бастысы, таза болғаны өте маңызды. Тазалық мәселесінде тұрғындарға жүктелетін жауапкершілікті де ұмытпау керек. Көше бойының, тұрғын үй аулалары мен ойын алаңдарының, жалпы қоршаған ортаның жинақылығы тиісті мекемелерге ғана емес барлығымызға керек екенін естен шығармау қажет.
Айта кетейік, биыл қала көшелерін, көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 12,7 млрд. теңге қаралды. «Қорқыт Ата» әуежайының аумағын көркейту, қала, кент пен ауылдық округтердің 75 көшесіне жарық бағаналарын орнату, 59 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланған. Құрылысы өткен жылы бастау алған 19 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы жұмыстарды аяқтау үшін 237 млн. теңге бөлінген. Тағы 25 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы ойын алаңдарын күрделі жөндеу үшін облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге қаралған. Бұған қоса 215,8 млн. теңгеге 4 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласы жөнделуде.
Облыс орталығына 10 заманауи аялдама салу үшін 52,5 млн. теңге қаралып, толығымен орнатылды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде 332,6 млн. теңгеге көшелерге науа тарту, орталық зиратты қоршау, көппәтерлі үйлерді абаттандыру қолға алынды. Қаланы көгалдандыру үшін құрылған «Жасыл Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне биыл 702,2 млн. теңге қаржы берілді. Бұл жұмыстар толық аяқталғанда, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасады, жолаушылар және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Жиында жауапты мекеме басшылары атқарылған жұмыстарды баяндады. Көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын бағамдаған аймақ басшысы барлық істі сапалы атқарып, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
28 шілде 2024 ж. 345 0