№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қағаздан қаражат тауып отырған келіншек

Қағаздан қаражат тауып отырған келіншек


Қарашаш бұл кәсіпке кездейсоқ келген. Жаңадан салынған үй қабырғаларына түсқағаз жапсырудың орнына, өз қолымен жапырағы жайқалған талдар мен әдемі гүл щоқтарын бейнелеп, ерекше безендіру жасайды. Алғашында жолдасына көмек қолын созып, қаражатты үнемдеу мақсатында ойластырылған дүние болған. Кейіннен шебер келіншектің жасаған жұмысын көргендер қызыға қарап, тапсырыс бере бастайды. Үйге келген кез келген жан, көздің жауын алатын құмырадағы түрлі-түсті гүлге біраз адам тамсанысын жасырмайды. Қарашаштың гүлдеріне алдымен көрші-қолаңынан, ауылдағы балабақша мен мектептерден тапсырыс түсе бастайды. Еңбегінің еленіп, сұраныстың артуы шеберге шабыт беріп, жан-жақты ізденуге жетелейді. Күні бойы тапжылмай отырып, он саусағы майысқан шебердің келістіріп жасаған туындылары еріксіз таңдай қақтырады.

– «Кәдімгі қағаз қораптардан жасалған гүлдерге осыншалықты қызығушылық тудырады деп ойламадым. Бұл істі бастамас бұрын, әлеуметтік желіден осындай өнерді табыс көзіне айналдырғандарды көріп қалдым. Сосын жасалу жолдарын іздей бастадым. Адамда ынта-ықылас болса, ешбір істің қиындығы жоқ екенін сонда түсіндім. Кәсіп ашуға қомақты қаражат қажет дейтіндермен келіспеймін. Алдымен адам өзінің жанына жақын ісін тауып, оған махаббатпен қараса, алдына нақты мақсат қойса, соның өзі жеткілікті дегім келеді. Осы кәсіпті бастауға небәрі қағаз майлыққа қалтамдағы азын-аулақ ақшамды жұмсадым. Несие алмадым, мемлекеттен қаржы сұрамадым. Қазір айына кем дегенде  40-50 мың теңге табыс түседі. Әрбір шығармашылық жұмыс жанымды жадыратады. Кейде көңіл күйім болмай отырса, өзім жасаған гүлдерден күш аламын», – деп қолөнер шебері кәсіп ашудағы тәжірибесімен бөлісті.
Қарашаш үлкен әулеттің келіні. Күнделікті үй тірлігінен босай қалса, қағаздарын қолына алып, гүлдің бейнесін жасай бастайды. Шебер алдағы уақытта өзінің қолөнер орталығын ашуды жоспарлап отыр. Өйткені, оның қолынан келмейтін ісі жоқ. Қыздарға арналған сөмке, кітап мұқабасына қаптағыштар, тойға қажетті өзге де ұлттық бұйымдарды тігу ісін де қолға алған. Тірлігінен береке тапқан ол ырыстың еңбекпен келетінін айтады. Оның айтуынша, қолөнер шеберлігі шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді. Шебер жанның керемет туындыларын көргенде қолөнермен айналысу биік талғампаздық пен талантты талап ететін дара өнер екеніне көзіміз жете түскендей.
Расында да, Қарашаштың әлемі ерекше әдемі. Ол ісмерлікті бойына сіңіріп, бүгіннің жаңалығын жанына дарытып, шаңырағында шаттана отырып табыс тауып отырған бүгінгінің дара шебері. Әр адам өз өмірінің суреткері. Қарашаштың ішкі әлемін тану үшін, оның қолынан шыққан гүлдеріне қарасаңыз, жанының нәзіктігі мен қайсарлығын аңғару әсте қиын емес. Оның гүлдері шынайы сұлулықтың сырын ұқтырып тұрғандай әсер қалдырады. Осындайда Абай атамыздың «Алдау қоспай адал еңбегін сауған қол өнері – қазақтың әулиесі сол» деген сөзі еріксіз еске түседі.
01 желтоқсан 2022 ж. 1 158 0