№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Жарқын дамуымыздың жалғыз заңдылығы бар" дейді қандасымыз, ғылым докторы Нейла Альфаридқызы

"Жарқын дамуымыздың жалғыз заңдылығы бар" дейді қандасымыз, ғылым докторы Нейла Альфаридқызы


Бүгінде Швейцарияның Женева қаласында тұратын замандасымыз, елжанды ару Илялетдинова Нейла Альфаридқызы бастамашы болып, Жаңақорғандағы Илялетдиновтер шаңырағының шырағын маздатып отырған перзенті, ардагер ұстаз Софья Низамовна анамыз қостап, биыл туғанына 124 жыл толып отырған әкелері, талантты ұстаз, – Низаметдин Илялетдиновтың есімін еске алу шарасын өткізген еді. Шараға Астана, Алматы қалаларынан ұстаздың туған-туыс, бауырлары, ғалымдар, шәкірттері арнайы келіп, ізгі лебіздерін бөлісті.

  Низаметдин Илялетдиновтың қазақ халқына сіңірген еңбегіне бүгінгі ұрпақ қарыздар десек те болады. Өзі Татарстанда туылған, он жасқа жетпей жетім қалған, бірақ тағдырдың нәубетімен бөтен ел асқандағы себебі – Қазан қаласындағы мешіт имамы – әтиінің ағасының өз отанында дінге төнген басқыншылық саясаттың зобалаңынан әулетінің бір көзі – бозымдай бауырын қызғыштай қорыған жанашыр кеңесіне сүйеніп, мұсылман елдерінің біріне бой тасалап, өсіп-өнуді мұрат тұтқан тілектен туғандығы кез келген көзі ашық адамға түсінікті болса керек. Қасында келіншегі Ғаянды жетектеп, пойызға отырған жас жігіттің ұшы-қиыры жоқ қазақ даласымен келе жатып, дәм-тұз бұйырып, Бесарық бекетінен түсіп қалуы да маңдайға жазған жазмышы болар. Екеуі өмірі көріп-білмеген беймәлім елді мекендегі шеткі үйдің есігін имене ашқында қазақ отбасы бұларды жатсынбай қарсы алған. Отағасы Алтынбек деген қария «Учительмін» дегенді естігенде жүрегі жарылардай қуанып, «Біз де мұғалімге сусап отырған ел едік, тіпті оң болды» деп тұңғыш баласынан артық қамқорлық көрсетіп өмірлеріне тірек болғаны күні кеше болатын.

Илялетдиновтер Бесарықтағы бастауыш мектепте алты жыл мұғалім болыпты. Осы жерде тұңғыштары – Альфарид дүниеге келді. Одан соң екінші ұлдары дүние есігін ашты. Алдыңғы перзентке ат таңдауды ата-анасына қалдырған Алтынбек қария екінші сәбидің есімін «Елдос» деп өзі қойды. Ел мен елдің достығының құрметіне сәбиге осындай есімді еншілетті.

Мақтаулы ұстаз аудан орталығындағы орыс мектебіне ауыстырылды. Міне, осы кезеңдері оның алдынан талай шәкірт тәрбиеленіп шықты. Кейін есімі елге әйгілі болған қайраткер тұлғалар – Исатай Әбдікәрімов, Сұлтан Сартаев, Мұхамеджан Қаратаев, Альфарид Илялетдинов, Амангелді Қошқаров, Ахмет Ержанов, Бірлес Алияровтар осы ұстаздың алдынан дәріс алды. Жаңақорған ауданы облыста ғалым, оқымыстылар, академиктер көп шыққан аудан болып табылса онда біздің Низаметдин ағамыздың еңбегі айрықша.
Н.Илялетдинов 1926-32 жылдары Бесарық мектебінде, ал 1932 жылдан бастап Жаңақорғанға ауысып, ұстаздық етеді. 1939 жылдан 1954 жылға дейін мектеп директоры болады. Осы кезеңде Жоғарғы Кеңес Президиумының шешімімен екі рет «Ленин» орденін иеленді. Бұл ұстаздар үшін ол кезде ең жоғарғы награда еді.
Низаметдин мен Ғаян Илялетдиновтердің отбасында сегіз ұл-қыз өсіп-өнді. Альфарид, Елдос, Роза, Шафкет, Зоя, Дамир, Софья, Светлана.
Тұңғышы Альфарид ғылым докторы, одан кейінгі ұл-қыздарының бәрі де алдыңғы перзенттің ізімен, ғылым мен өндірістің сан саласында абыройлы қызмет атқарды.
Ұстаздың мұхит асып келген немересі Нейлаға сауалымызды қойдық.
– Алдымен әңгімемізді сізді Жаңақорғанмен жіпсіз жалғап тұрған сезімнің киелі құдыретінен бастасақ.
– Оның мағынасы тым тереңде. Өмірдегі ең бір пәк, қымбат күндерің – балалық шағың өткен жер еш уақытта ұмытылмайды екен.
Осы шаңырақта әжем – Ғаянның бауырында өскен бал күндерім күні кешегідей есімде. Онжылдықты әкемнің қолында Алматыдағы №56 мектепте тәмамдадым. Одан әрі Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне оқуға түстім. Әке жолымен мен де микробиология саласын таңдадым. Мектепте жүргенде республикалық олимпиадада 1-ші орын алып, онжылдықты «Алтын медальмен» бітіргенмін.
Сондықтан оқу қиынға түспеді. Ары қарай аспирантураны тәмамдап ғылыми диссертациямды қорғадым. Тұрмыс жағдайымен Латвияға келіп, еңбек жолымды Вильнюстегі жоғары оқу орнында лаборатория меңгерушісі болып бастадым. Тұңғышым – Алғыс, одан кейін қызым – Кристина өмірге келді. Анам менің шапырашты руынан. Ол да ғалым. Ұзын бұрымы өзіне әдемі жарасатын, өте көрікті кісі еді. Бірде Америкаға туристік жолдамамен барғанымда, сондағы университетке молекулярлы мик¬робиология пәні бойынша жұмысқа қабылдандым. Осылайша менің Гарвард университетіндегі өмірім басталды.

– Ғылым жолындағы баспалдақ¬тарыңыз несімен ерекшеленеді?

– Микробиология – ғылымның бір ғана бөлігі. Адам және жан-жануар организмінің толыққанды табиғатын түпкілікті зерттеу мақсатында Бостондағы жоғары оқу орны аспирантурасында білімімді шыңдадым. Одан әрі Гарвард университетінде PhD докторы ретінде ұстаздық еттім. Сонымен қатар Гарвард балалар госпиталінде «Ер балалар¬дағы бұлшық ет дистрофациясының тұқым қуалаушылығы» тақырыбында зерттеуімді жалғастырдым.
– Мамандық мерейі өз алдына, жаңа ортаға қалай бейімделдіңіз?

– Дұрыс айтасыз. Бөтен жерге бірден тәуекел ету қиын. Жан жарым – Христофор Хейни көп демеу болды. Ол екеуміз Мәскеуде бірге оқыған болатынбыз. Студент шағында маған жүрегін ұсынған оның ұсынысынан үзілді-кесілді бас тартқанмын. Неге десеңіз, ол кезде менің әкем кеңестік партия қызметкері. Илялетдиновтердің бәрі дерлік қоғамның көрнекті өкілдері болып қалыптасқан кез. Мен мұндай қадам жасағанда барлығының басына күн туады деген сөз. Саясат солай еді ғой. Кейін өз егемендігімізді алып, тарс жабық шекараның есігі ашылып, ел мен ел қарым-қатынасына мүмкіндік туды. Әлі бас құрап үлгермеген бала кезгі досым – Христофордың ендігі жерде үмітін кеспедім. Келісімімді бердім. Әрине ата-анамыздың алдынан өттік. Екі жақ та келісіп, Вашингтонда үлкен тойымыз өтті.

Христофордың ата-анасы да дипло¬мат кісілер екен. Әкесі Вьетнамда, Хорватияда, Ресейде, Африка елдерінде елшілікте қызмет атқарған кісі. Менің ерім де Гарвард университетінде аспи¬рантурада оқыды. Жеке компания құрып, соны басқарып келеді.

Хейнидің отбасы менің ата-анама үлкен құрметпен қарады. Жалпы, Америкада адамның тұлғалық деңгейі бірінші орында тұрады. Білім деңгейі биік, өрелі тұлға ол қандай халықтың, ұлттың өкілі болмасын қадірлі саналады. Бұл тұрғыдан келгенде екі жақ құдалар арасында қалтқысыз құрмет қалыптасты. Балаларымызды ақылы мектептерде оқыттық. Қазірде ұлым Алғыс Чикаго қаласында тұрады. Жеке студиясы бар. Композитор. Кристина ағылшын тілі мұғалімі. Кенже ұлымыз 21 жаста. Францияда Халықаралық оқу орнында білім алуда.

Балалар есейіп, өз-өзіме келгеннен кейін мені мынадай ойлар мазалай бастады: «Кіммін мен? Жарық өмірдегі қалауым не еді? Оған жете алдым ба? Туған елім – Қазақстанға қандай қызмет жасай аламын?»
Соңғы жиырма жыл Халықаралық біріккен ұлттар ұйымы жанында адам құқықтары жөнінде коллегия мүшесімін. Гендерлік саясат тұрғысында терең зерттеу жүргізіп келемін. Алайда Америка-Алматы-Жаңақорған арасын жол қылған жастық күндерімнің нәтижесі жоқ емес.
Жаңақорғанда, оның елді мекендерінде туған-туыстар бар, жағдайлары маған жақсы таныс қой. Қыз-келіншектер жайы қатты толғандырады мені. Жас босанды демейді, ауыр жұмысты арқалатып, ерлер жағы тыс қалады. Жас келін ерте тұрып, нан пісіреді, балаға да, малға да қарайды. Бұлай болмайды. Үй шаруасы ерлерге де ортақ. Келін өз балаңыз, келешек қолыңызды ұзартып, жағдайыңызды жасау үшін оның өзі жарамды, денсаулығы мықты болу керек. Сондықтан оған моральдық тұрғыдан қамқорлық керек. Мойнындағы жүкті жеңілдету жөн.

Алматы қаласындағы ахуалды алсақ, 40 пен 50 арасындағы «кәрі қыздар» көп. Бала табу үмітімен үлкен кісілер болсын бай, бақуаттының етегінен ұстауды ерсі көрмей, саналы түрде қадам жасайтындар саны артып келеді.

Бала тәрбиесінде ер азаматтарға жауапкершілікті арттырған жөн. Жалғызбасты аналардың артуы осы көзқарастың төмендігінен.
Қай қоғамда да әйел құқы мәселесі өзекті. Барар жер, басар тауы қалмаған нәзік жандыларды мемлекет қолдауы керек. Осы бағытта қалаларда жапа шеккен жандарға уақытша паналайтын орталықтар ашуды қолға алдық.

Жаңақорғанда ондай орталық жоқ. Менің бір сүйсінгенім, туған топырағымда имандылықтың кемімегені. Халықтың әлжуаз тобына алдымен қол ұшын созып, қорған болатын аудандағы мешіттер болып отыр. Әлгіндей жылап келген әйелдерге рухани дем беріп қана қоймай, ерлерімен татуласуына насихат жүргізіп, тура жолға үндеп, мұқтаждарға қолдан келген көмегін аямай, азық-түлікпен қамтамасыз етуде мейір-шапағатшы болып келеді. Ал үлкен қалалардың көбінде олай емес. Зерттеп көрдім, зәулім мешіттер тұрғанымен мұндай жанашырлық көп байқала бермейді. Әлеуметтік әлсіз топтарына, жалғызілікті аналарға үкіметтік емес ұйымдар арқылы көптеген көмек түрлері көрсетіліп келеді.

– Көп жылдардан бері жер шары халқына социологиялық зерттеу жүргізіп келе жатқан маман, ғылым докторы ретінде Қазақстандағы хал-ахуалға қандай баға берер едіңіз?

– БҰҰ жанындағы «Адам құқын зерттеу мәселелері» бойынша Орта Азия, Ауғанстан және Камбоджа елдеріндегі білім, өмір сүру деңгейіне сараптамаға тоқталайын. Мәселен, Африка тұрғындарының 18 пайызы ғана электр игілігін қолданады. Бұл тұрғыдан алғанда, өмір сүру сапасы жөнінен Қазақстан қазір алдыңғы орында. Ел халқына 100 пайыз тегін білім беруден, тегін медициналық қызмет жөнінен ұстанымымызды сақтап отырған елміз. Конституциялық-демократиялық сайлау үлгімізге халықаралық сарапшылар жоғары баға береді.
Мемлекеттің беделіне көлеңке түсіретін оппозицияны жоқ дей алмаймын. Бірақ олардың дені қарапайым халықтың қаржысын қалтаға басып қылмысқа шатылып, шетте бой тасалап жүргендер.

Біз үшін еліміздің тыныштығы бәрінен қымбат. Мұны сақтап тұру үшін алдымен адами құндылықтарымыз құрметтелуі тиіс. Жарқын дамуымызды жақсы ниетті адамдар жасайды. Жер бетінде қаншама дін, қаншама сенім бар. Олардың басты ұстанымы біреу. Ол – ізгілік деп аталады. Болашағын ойлаған қандай мемлекет болмасын ізгі ұрпақ тәрбиесін басты орынға қоюға тиіс. Мұхит асып, елімнің мұң-мүддесін арқалап жүргендегі басты мақсатым да осы.

– Әңгімеңізге үлкен рахмет. Құдай сізді қуаттан, үлкен жүрегіңізді шуақтан айырмасын, – деп ізгі лебізімізді қостық.

***
Бес жасына дейін ата-әжесіне телініп, туған жеріміздің топырағында ойнап өскен бұл қызымызды аталарын еске алып, құран оқытқалы жиналған әулет мүшелері арасында біздің көзімізге аса жылыұшырап, жанымызға жақын тұтуымыздың астарында Жаңақорғанда туып, жаһандық мәселелерді көтеріп жүрген үлкен жүрек иесіне деген зор құрмет жатқан еді.

Бір кездері аталары қиырдағы қазақ ауылына келіп, елдің көкірек көзін ашып, біліммен сәулелендірсе, енді бүгінгі күні ұстаздың ұрпағы жер жүзі халықтарына ортақ мәселені планета мінберінде көтеріп, онымен қоймай, қайда жүрсе де «Мен қазақтың қызымын» деп ұлт мерейін ұлықтап, өзі де сонымен мақтанып, сонымен мерейленіп жүрсе оған қалай қуанбассың?

Шерлі жүректердің мұңын мейіріммен жуып, мәртебесін көтерген қазақ елінің ыстық пейілін ықыласпен ақтап, білімді болашақ үшан жан аямай қызмет еткен тұлға шәкірттерінің ұсынысы қолдау тауып, Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылы 31 қаңтардағы Қаулысы негізінде Жаңақорған ауданы орталығындағы №169 орта мектебіне ағарту саласының Құрметті қайраткері Низаметдин Илялетдинов¬тың есімін беру туралы шешімі шықты. Бұл кездері мектепке әке жолын қуып, мұғалім болып бала оқытқан ізбасар қызы Софья Низамқызы басшылық жасады.

Ғасырға жуық тарихы бар қарашаңырақ таяу күндері жаңадан салынып жатқан 600 орындық ғимаратқа қоныс аударып, білімгерлер сабақты жаңа оқу ордасында жалғастыратын болады. Осы жаңа мекеннің алдына Илялетдиновтің ұрпақтары болып, бас құрап, ұстаздың биік тұғырға қондырылған мүсінін тұрғызды. Бұл келешек ұрпақ үшін тарихты тірілтудің, өткенге құрметтің шынайы бір көрінісі болып қалмақ,
Ұстазды еске алу кешінде ардагер-ұстаз, ауданның «Құрметті азаматы», облыстың «Құрметті ардагері» Зинабдин Шермұхамедов сөз алып, естеліктер айтты. Ол өзінің тұңғыш ұлының есімін де аяулы ұстаз құрметіне «Низаметдин» деп атағанын айтып өтті. Ұстаз қарашаңырағының жарығын сөндірмей, отын маздатып отырған, бүгінде ардагер-ұстаз Софья Низаметдинқызына ыстық ықыласын білдіріп, деніне саулық тіледі. Олан әрі ұстаз алдынан дәріс алған шәкірті, бүгінде 80 жастағы қария, ауданда көп жылдар энергетика саласында қызмет атқарған Өтеген Әлімбетов жарқын естеліктерін бөлісті.

Рухани шараны ұстаздың тікелей ұрпағы Талғат Қазыбаев пен аудан мәдениет саласының майталманы Уәли Ибрагимов жүргізді.

Баян ҮСЕЙІНОВА

01 қараша 2022 ж. 1 915 0