№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа көпір пайдалануға берілді

Жаңа көпір пайдалануға берілді

Ауылдық округтердегі есептік кездесу барысында Жаңарық ауылдық округінің тұсындағы көпіріне күрделі жөндеу өткізу жайы жиі айтылатын. Аудан басшылары тұрғындардың өтініш-тілегіне мән беріп, облыстық маңыздағы «Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе» автомобиль жолының бойындағы көпірді жөндеуді қолға алған-ды. Жыл басында жаңа көпір пайдалануға берілді. Біз тұрғындардың қуанышына ортақтасып, көпірдің сапасын
көріп қайттық.

Бұл көпір Сыр беткейдегі ауылдарды аудан орталығымен байланыстыратын. Сонысымен маңызды-тұғын. Көпір берілгенге дейін айналма жол пайдаланылды. Айналма қара жол уақытты ұстаса, екінші жағынан, ондағы ескі көпір де жарамсыз күйге түсті.
1972 жылы салынған көпірдің ұзындығы 20 метр, ені 12 метрді құрайды. Көпірде жарықтар пайда болып, жүк көтергіш қабілетті болмай, жарамсыз күйге түсті. 2018 жылы тәуелсіз сарапшылар «апаттық» деген қорытынды берді. Соның негізінде жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Жалпы сметалық құны – 214 миллион 547 мың теңге. Бұл жөнінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті.
– «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында көпірді күрделі жөндеу жұмысына қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Мердігері – «МСФ Мұнай кұрылыс» ЖШС. Қосалқы мердігері – «Нұрай-Ақжол» ЖШС. Келісім-шарт құны – 183,9 миллион теңге. Техникалық қадағалушысы – «SM ORDA GRUPP» ЖШС. Авторлық қадағалаушысы – «ТЕКА-Проект» ЖШС. Жыл басында Жаңақорған кенті мен ауылдық округтерді байланыстаратын маңызды көпір пайдалануға берліді, – деді сала маманы Жасұлан Мінжанов.
Көпір салу – сауапты іс, халыққа берері мол игілікті жұмыс десек, Сыр мен қырды, аудан орталығы мен елді мекендерді жалғайтын көпірдің біткеніне ел дән риза.
– Айналма жолмен қыс мезгілінде, жауын-шашын, қолайсыз ауа-райы кезінде қатынау қиын болды. Яғни жаңарықтықтардың ғана емес, Қыркеңсе, М.Нәлібаев, Өзгент, Қожакент, Аққорған, Келінтөбе, Қаратөбе, Қандөз, Көктебе ауылдық округі тұрғындарының ортақ мәселесі еді. Шынында, қатты қуандық. Енді көлік қозғалысы қалпына келіп, аудан орталығымен байланыс реттелді, – деді Жаңарық ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мәжит Әліпбеков.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдары пайдалануға берілген көпірлер ескіргені анық. Сондықтан кейбір ауылдарда көпірді жөндеу мәселесі түйінді мәселеге айналған-ды. Аудан басшысы бұл мәселені жетік білгендіктен, кезең-кезеңімен шешімін табатынына сенеміз.
Ескі көпірден жаңа көпірдің ерекшелігі жаяу жүргінші жолы қосылды. Әрі сапалы дейді мамандар.
Әли ТЕМІРБЕК
17 қаңтар 2021 ж. 636 0