№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дала жұмысына дайындық қалай?

Дала жұмысына дайындық қалай?


Былтыр жауын-шашынның аздығы, аяқ судың тапшылығы салдарынан шаруалардың көбі егіс, оның ішінде күріш көлемін азайтуға қарекет жасады. Биыл да қыстың қаһары байқалмады, дария деңгейі тым төмен. Сондықтан дала диқандары егіннің әртараптандыру бағытына көшіп, суды үнемдеудің жолын жоспарлауда. Әсіресе, бақша өнімдері мен мал азығына басымдық беруге ниетті. Осы тұрғыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шаруашылықтардың ісін ширату бойынша нақты міндеттер жүктеп, мүмкіндіктерді қарастыруды бақылауға алды.

Мемлекет басшысының «Жаңа Қа­зақстан: «Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында да өнім көлемін кеңейтіп, азық-түлік қорын толық қамту мәселелерін өзекті екені айтылды.
– Украинадағы оқиғалар азық-түлік бағасының күрт өсуіне әкеп соқ­тыр­ды. Осыған орай, егін егу науқанын сапалы өткізуге баса назар аударылады. Бірақ, көптеген шаруалар егіске әлі дайын емес. Үкімет пен әкімдіктер бұл жұмысты ерекше бақылауға алуға тиіс. Шаруалардың қажетті жанар-жағар майды қолайлы бағамен алуын қамтамасыз ету керек. Ауыл шаруашылығы техникаларының дайын­дығын, тұқым мен тыңайтқыш қор­ларын қайта тексерген жөн. Бірқатар өңірлердегі жауын-шашынның аздығы егіннің шығымын мандытпай, жемшөптің жетіспеуіне әкеп соқтыруы мүмкін екенін ұмытпайық, – деді Мемлекет басшысы.
Президент тапсырмасының бағыты ауданда қандай деңгейде? Дизель отыны жеткілікті ме, техника мен тұқым, тыңайтқыш тапшы емес пе? Осы сауалдардың жауабын тағы бір пысықтап алуды жөн көрдік.
– Қаңтар айындағы есеп бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндіру­шілердің қолында көктемгі дала жұ­мыстарына қатысатын 201 трактор, 82 соқа, 42 дән сепкіш, 42 жүк көлігі және 101 трактор тіркемесі бар. Олардың барлығы жөндеуден өтіп, пайдалануға дайын. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы құрылымдары өз қаржыларына және «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 38,1 млн тенгеге 4 техника алды. Тағы 28 дана ауыл шаруашылығы техникасын алу жоспарлануда.
Ауданға биыл көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізу үшін 1272 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Таратушы-оператор «Нефть Транс Қы­зылорда» 1 литрін 200 теңгеден, ал, «ЖаңақорғанОil» ЖШС 198 теңгеден нарыққа шығарды. Ендігі кезекте ауыл әкімдері ауылдық округке қарасты барлық шаруашылық құрылымдарының аталған мекемелерімен дизель отынын алуға мерзімінде келісім-шартқа оты­руды қамтамасыз ету қажет, – деді бас агроном Дәурен Абибуллаев.
Аудан бойынша шаруашылық құры­лымдарының қолында 1700 тонна кү­ріш тұқымы бар. Қазіргі таңда мақсары, жоңышқа тұқымдарының жетіспеген көлемі облыс төңірегіндегі тұқым са­тушы мекемелерден, аудандағы тұқым өндіруші «Түгіскен ТШ» ЖШС және көрші Түркістан облысына қарасты «Сапа-2002» ЖШС тұқым шаруашылығы арқылы қамтамасыз етілуде екен.
– 2022 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көле­мі – 4500 тонна, оның ішінде 4325 тон­насы азотты, 175 тоннасы фосфорлы тыңайтқыш. Қажетті гербицидтердің көлемі – 2237 литрді құрайды. Қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан ми­нералдық тыңайтқыштардың 3200 тон­насы (70%) сатып алынды. Биылғы жылы көктем ерте шығып, шаруалар көктемгі дала және егін егу жұмыстарына кірісіп кетті, – деді бас маман.
Жалпы Жаңақорғанда ауыл шаруа­шылығы өндірісімен айналысатын 781 шаруашылық болса, оның 485-і ғана егінмен айналысады. Биыл бекітілген сызбаға сәйкес, 37 451 гектарға егiс егу межеленді. Ауданда соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруға басымдық берілуде дейді мамандар. Биылғы жылы да осы жұмыстарды жалғастыру мақсатында дәндi дақылдар 12 295 аумаққа, майлы дақылдар 2 055 гектарға, мал азығы 19 703 гектарға, картоп, көкөнiс, бақша өнімдері 3 398 аумақты қамтып, күрiштің көлемі 7 000 гектарға жоспарлануда. Егінші қауым 4 142 гектар күздік бидай егуді және 7300 гектар сүдігер айдауды қамтамасыз етті.
Жоғарыда айтқанымыздай, биылғы жыл су тапшылығына байланысты аудан әкімдігі жанынан арнайы жұмысшы топ құрылып, аяқ су тапшылығы жағдайында егістікті суармалы сумен қамтамасыз ету үшін зерделеу жұмыстарын жүргізді. Келінтөбе магистралды каналының 12 шақырымына және ішкі шаруашылық каналдардан 92 шақырымға тазалау, қазу және жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Вегетациялық кезеңде су тапшылығы жағдайында қосымша су қорымен қамтамасыз ету үшін «Қазсушар» ШЖҚ РМК Қызылорда филиалы арқылы 8 дана, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пай­далануды реттеу басқармасы арқылы 11 дана насос қондырғыларын бөлдіруге жұмыстар жасалып, ұсыныстар ен­гізілген. Одан бөлек, ірі-ірі жобалар жүзеге асуға жақын. Әзірге қолда барды қармап, уақыт оздырмай оң нәтижеге жұмыс жасап жатқан шаруалардың шаруасы ширай түсті.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
17 наурыз 2022 ж. 4 029 0