№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САЙРАМ САПАРЫНЫҢ СЫЙЫ

САЙРАМ САПАРЫНЫҢ СЫЙЫ


Ауыл шаруашылық саласында 40 жыл жұмыс істедім. «Қарабұлақ» базарын қанша естісем де барып көрмеппін. Баяғыда анамыз тәтті сұрап қылқылдай берсек, «әкелерің Шәуешектен келді деп пе ең, ненің кәмпиті» деп ұрсатын еді. Сөйтсек анамыз не жоқтың бәрі табылатын Қытайдың ханбазарын айтады екен. Кеше Қарабұлаққа барғанымызда ойыма осы Шәуешек оралды. Мына жерді Қазақстанның Шәуешегі десе болар.

Сайрам ауданымен өзара тәжірибе алмасу бағытында ұйымдастырылған семинарды аудан әкімі Руслан Рүстемов өзі бастап барып, құрамында шаруашылық жетекшілері, мамандар, кәсіпкерлер қатарында мен де болдым. Жақсыны көрмекке деген бар. Ұзақ жылдардан бері облыстық, аудандық дәрежедегі небір семинарларға қатысып жүрсек те бұл семинар ерекше әсер қалдырды. Ауылда өндірілген мол өнім негізі дені сау кез келген адамның қолынан келетіндей әсер берді. Мұндағы тірліктің бәрі өте қарапайым, өз есік алдында шағын 10-20 соттық және отбастарына үлеске тиген 2 гектарға жуық жерінде жұмыс қайнап жатыр.
Өзін таныстырған аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков ауыл тынысынан хабардар етті. Қарабұлақ ауылында 50,4 халық бар, жұмыссыз бос адам жоқ, негізінен ауылдың 90 пайызы өзбек ағайындар.
Қарабұлақ ауылының жер көлемі – 10957 га, егістігі – 2815 га, суармалы жері – 1865 га, жайылымдық жері – 3627 га, шаруашылық саны – 1657, шағын кәсіпкерлер саны – 790, түтін саны – 8000. Сонда әрбір үшінші отбасында кәсіп бар. Үй іргелік жерлерінің 70 пайызы тамшылатып суару әдісіне көшкен. Жылына бір жерге екі рет көкөніс егіліп, өнім алынатын көрінеді.
Ауыл әкімінің айтуына қарағанда, ет-шұжық және вакуумды қорапталған ет өнімдерінен бір жылға 25 мың тонна өндіреді. Бұл деген сөз әрбір сойыс малы таза 200 келі ет бергенде 125 мың бас ірі қара малы айналымға түседі деген сөз. Оның сыртында 1000 тонна құс еті бар.
Зер салып қарасақ, 50 мың халық жоғарыда айтылғандай, 1865 гектар ғана суармалы жерді күтіп ұстап, жердің сұрағанын беріп, егілген егіндігін баласындай қарап, мәпелеп өсіруі жердің қадірін білгендігінде. Жыл сайын егістікке мал қиын бір КамАз көлігін тіркемесімен 31 мың теңгеге алып, шашатын көрінеді. Жалпы диқандар бар күшін жерге төгетін сияқты.
Біз аңғарғандай, ауылда егін мәдениеті жоғары дамыған. Беталды жүрген жайын малы көрінбейді. Алда-жалда егінге мал түссе мал иесі кінәлі болып, шығынын өтеп беретін көрінеді.
Мал бордақылау алаңында 500-ге жуық өгіз жас-жасымен реттеулі тұр. Союға жақын тұрған 600-800 келі салмақ тартатын өгіздерінің қасына барып, біраз сырдың ұштығын ұстадым. Түгелімен семіз, барынша бағым-күтімі келісті екені көрініп тұр. Алдарындағы ені 7-8 қадақ келетін см болатын ақырда жем де, шөп те жоқ, су бар, малдың асты-үсті таза. Сұрадым, «ау басеке, жем қайда, шөп қайда?» Ол кісі: «Біз малға жем-шөпті уақытпен береміз. Азанғы сағат 18.00-де әр басына 6 келіден, кешкі 6-да тағы да 6 келі шамасында жем берсек, үш мезгіл 3-4 келі шамасында шөп жегіземіз» деді. Біз сосын жемнің құрамын көрдік. Мақта шиті, арпа, бидай, соя, күнжара, жымық, кебек, аздап ұн араластырып, барлығын станок арқылы қос жуан білеудің арасынан өткізіп, бітеу дәндерді езіп береді екен. Біздер сияқты дәнді турап ұн жасамайды. Осы бағытпен малды кемі 8-9 ай бағатын көрінеді. «Жерің аз, жем-шөпті қайдан аласың?» деген сұрақ қойдым. «Бидайды өзіміз өндіреміз. Шитіні, жемнің тағы басқа түрлерін Жетісай, Мақтарал жақтан, шөпті Жаңақорғаннан аламын» деді. Өткен жылы тек Жаңақорған ауданынан 25 млн теңгеге жоңышқа шөбі мен сабанын алғанын айтты.
«Үкіметтен кредит аласыздар ма?» деп сұрадым. «Мен кредит алмаймын. Жұмысқа ықыласты, ықсуаты келетін ауыл азаматтарын несиемен қамтамасыз етемін» деді. «Қалай?» «Мен ет өткізетін ірі қалаларда сауда нүктелерім еттің есебінен қанша сұрасам да қаражат береді.Бізде кредит мәселесі шешілген» деп миығынан күліп қойды.
Мал бордақылау алаңдарының құрылысы өте қарапайым, жергілікті құрылыс материалдарынан шағын етіп, бірақ бордақыдағы малға да, бақташылардың жем-шөп салып жүріп-тұруына да ыңғайлы етіп соғылған. Күннің ыстығында мал қора іші салқын, байқап қарағанға қораның биіктігі кемі 7-8 метрге жетеді әрі дуалы кесек, төбесі қалың қамыспен жабылып, батпақ құйылғандықтан салқын, көлеңке.
Бұқаны күз, қыс айларында алып бордақылап, көктемде сатып, қаражатын жазғы егіс жұмыстарына жарататын көрінеді. Сонда жылдың он екі айы да қарекет пен саудаға бағытталып тұр. Осылай айналып жатқан бір дүние.
Ал енді темір ұсталары темірді нешебір формаға салып иіп, шардай етіп үрлеген өнерлері, ағаш ұсталары ағашты ойып, өрнек салғаны қызықтырды. Темір шеберханасында қимыл тіптен бөлек. Оншақты темір станоктары қатарынан тұр. Ортада колонкадан су ағып тұр. Әрбір станокта үш ұста жан-жақтарына қарайтын емес, өз істерін жасап әлек. Сақылдаған, тоқылдаған станоктар соңғы үлгідегі технологиямен темірді иіп, жонып, трубаларды үрлеп, дәл өлшемінде кесіп, қалыңды-жұқалы қаңылтырлардан түрлі қондырғылар мен қаптамалар жасауда. Тіптен
топырлап кіріп, қимылдарына көз салған біздерге тоқтап, назар салуға уақыты жоқ, өңшең жас ұста, қол-аяғы қоса қимылдап тыным табар емес. Станок даусын басып, істі сәл тоқтатыңдаршы деген базынамызға жас біреуі: «Істі кім істейді? Маған ділдәні жұмысымның көлемі мен сапасына қарай төлейді. Менде уақыт жоқ, дегенде ішімнен тіпті риза болдым. Ал бізде қалай, сәл сылтау табылса жұмысты жиып қойып әңгіме қоздатуға құмармыз.
Кәсіпорында тау-тау үйілген неше түрлі жуанды-жіңішкелі трубалар, қабат-қабат жиналған қалыңды-жұқылы қаңылтырлар, екінші жағында дайын өнімді тиеп жатқан жүк көліктері, ерсілі-қарсылы жүгіріп жүрген адамдар. Жай қарап жүрген біреуін байқамадым. Бір-бірімен сөйлесуге де уақыттары жоқ-ау, сірә! Аңғарғаным, олар тоқтаса станоктың жұмыс режимі бұзылады, сондықтан тірліктің бәрі жансыз станоктың басқаруында қайнап жатыр.
Ал ағаш шеберханасында кәдімгі жұмыр бөренелерді тіліп, станоктарға салып, бірінде кесіп, жонып, екіншісінде өрнектерін салып, құрастырып, дайын дүниелер шығарып жатыр. Үлкен қалалардағы кең көлемді мейрамханалар мен тамақтану орындарындағы көз тартар мүліктердің бәрін осы жерден табасың-ау деп ойладым. Заманауи идея берушілер де осында жүр. Сонау қиырдан ағаштарды артып келген жүк көліктері де, одан дайын жиһаздарды тиеп жатқан көлік қатарлары да көп.
Кірпіш-шлак құю цехында да қызу жұмыс. Мұнда қол жұмысы жоқтың қасы. Суды, қиыршық тасты, цементті салып араластыратын өте қарапайым , қолдан дәнекерлеп жасаған қондырғыларда құйылып, бар болғаны 20 соттық келетін аумақта күніне 3 мың сапалы қыш-шлакты дайындап үлгіріп жатыр.
Ауыл әкімі тігін цехтарындағы жұмыстарда жыл сайын кәсіби шеберлердің көбеюінің арқасында қажет бұйымдар – басқа киетін тақиядан бастап қысқы-жазғы шапандар, іш киімдер мен жамылғыштар, көрпе-жастық, тағы басқа қажетті заттар өзімізге жетерліктей жарап жатыр дейді.
Сонымен қатар мүнда 90-шы жылдар 1000 КамАз көлігі болса, қазіргі таңда 1000 дана рефрижератор Фура көліктері бар көрінеді. Бұл бір ауылда бес автобазаға татырлық техника, сол құрамдағы аадамға жұмыс бар деген сөз.
Қарабұлақ ауылының жылдық салығы 1 млрд 150 млн теңге. Халыққа 18 мешіт қызмет ететін көрінеді.
Қорыта айтқанда, Қарабұлақ ауылы біздің ауылдардан несімен артық?
1. Ата кәсіптері – егін шаруашылығын жете меңгеруі, диқандардың жер-анамен, әрбір дақылмен тіл табыса алуы.
2. Жұмыс қолының жеткілікті болуы. Ауылдан кезек-кезегімен шығатын 1000 фураға жүк артып, оны толтыру және 1000 фурамен әкелінген заттарды (ағаш, темір,мата, т.б (орын-орнымен жайғастыру оңай шаруа еместігі.
3. Шымаент қаласына жақын орналасуы, өндірілген өнімдерінің жерде қалмауы.
4. Әрбір үш жанұяның бірінің жеке кәсіппен айналысуы.
5. Жұмыссыз бос жүрген әйел-ер азаматтардың жоқтығы.
6. Ауылының жанынан жоғары 100 м/ак. жыдамдықта ағып жатқан бұлақтың алдын бөгеп, белгілі бір тереңдікте су арнасынан шығып, 1-1,5 гектарға жайылғанда екінші бөгет жасалып, осылайша тәсілмен 30 көлшіктің жасалуы нәтижесінде әр тоғанда балық өсіріп, оның да игілігін көруі ерен еңбекқорлықтың нәтижесі.
7. Біздер мал өсіріп отырғанымызбен оны бордақылап бағуда көп кемшілігіміз бар екенін мойындауымыз керек.
Сонымен,сапар барысында көз көріп, көңіл қанықтырғаннан кейін біздің көңілімізге жүз түрлі ірілі-ұсақты өнім өндіретін орта және шағын кәсіптің Шәуешегіндей көрінген ауыл тіршілігі егер қолға алсақ бізге де жат емес деген сенімді берік ұялатты. Тіпті бізде бір артықшылық, өнімділігі өте жоғары қант қызылшасы өнімін өсіруге мүмкіндік бар.
Жаңақорғандықтар қант қызылшасын өсіруі керек. Оның тиімділігі неде?
1. Жеңіл топырақты жеріміз де, күніміз де соны қалап тұр.
2. Жердің бетінде тәтті қауын өскенде топырақ астында соның баламасы қант қызылшасы өспетіндігі табиғат заңы, өмірде барлығы жұбымен өркен жаяды.
3. Егер қант қызылшасын егетін болсақ өнімділігі өте жоғары, гектарына 40-60 тоннадан өнім береді.
4. Қандай құрама жемнен де жұғымдылығы артық. Байлаған малға құнарлы азық болып табылады.
5. Келешек ауданда кіші қант зауыты салынса тіптен жақсы, бір тонна қант қызылшасынан 170 килограмм дайын қант алынады.
Сондықтан келешек аудан егіншілері қант қызылшасымен айналысу керек деп есептеймін.

ҚЫСҚАША ШЕГІНІС

Біз тұратын Қыраш ауылында Әбжан деген қария кісі болды. Кезінде бабалары қуғындалып, Тәжікістан асқан. Сол жақтан үйреніп қайтқанымен кәсіп қып, тал түсте огород шауып жатушы еді. “Атамның бақшасы сәбізге бітіп қалды” деп ойлап, аузымыздың суы құрып, көрмеген дақылды ұрламақ болдық. Екі-үш бала боп жұлып-жұлып алып қашқан самаурындай жемісті қайнатып ек, былқылдап пісті. Кесіп, нанның үстіне қойып жеп алдық. Тәтті. Диқан оны малына азық үшін егеді екен. Сәбіз емес, ләблама деп аталатын бұл дақыл қант қызылшасы екенін кейін білдік.
Нақ осы дақыл біздің өңірге тіленіп тұр. Оның жердің бетіндегі егіз тұқымдасы қауын мен қарбызды өсіргенде қант қызылшасын ескермегеніміз кемшілігіміз болмақ.
Маман ретінде айтарым, әр аймақта күн спектрі әртүрлі болады, дақыл күннен де, жерден де нәр алады. Біздің аймақта күннен күлгін сәуле бөлінеді, бұл айрықша тәтті дақылдар клеткаларын белсенді түзеді. Ал солтүстік аймақтарда күннен бөлінетін сарғыш-қызыл сәуле белок, май, крахмалға бай дақылдарға тиімді.
Құдайдың өзі табиғатымызға тарту еткен тәтті өнім – қауын, қарбыз дақылдары қатарында қант қызылшасының қалай бітік өскенін бала кезімде көрген әсерім болар, кезінде Келінтөбе кеңшарына басшылық еткен жылдары 20-30 гектар жерге егіп көрдім. Сонда әр гектардан 45-60 тонна өнім алдық. Егу тәсілі жерді жүйектеп, ұрық шашып жүгері еккенмен бірдей. Наурыздың соңын ала егіп, қарашаға дейін емін-еркін жинап алуға болады. Суыққа төзімді, сақтауға да оңай, іріп-ағып кетпейді.
Тәттілігі 17-18 пайыз, бір тонна өнімнен 170 келі қант аласың. Өңірді қантпен қамтамасыз ету бір бөлек, мал азығындық маңызы одан бір де кем емес. Бұған дейін өңір халқын ғасырға жуық күріш асыраса, бұл жаңа дақыл сондай уақыт елді асырауы бел мүмкін. Осы өнімді қайта қолға алуға бізге тек тәуекелділік керек.

Алмас НӘЛІБАЕВ,
ауылшаруашылығы саласының
маманы,
аудан әкімі кеңесшісі

12 маусым 2021 ж. 1 777 0