600 ауыл интернетке қосылады
Халық алдындағы есептік кездесуін қорытындылаған Бағдат Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2023 жылға дейін ғаламторсыз отырған 1200 ауылдың тең жартысы заманауи игілікке қол жеткізетінін айтты.
«6459 ауылдың 5300-і интернетке қосылған. Бірақ соның 510-ында интернет сапасы өте төмен. Бұл ауылдардың әрқайсысын анықтадық. Енді телеком-операторлармен жұмыс істеп жатырмыз. Бізде жоспар, оларда осыған арналған ақша бар. Былтыр заңнамаға түзету енгізіп, радиожиілікті пайдаланғаны үшін төленетін инвестицияның 90 пайызын ауылдық жерлерде интернет желісін дамытуға бағыттау жолға қойылған болатын», дейді Бағдат Мусин.
Сондай-ақ ведомство басшысы әлі де болса, 1200-ге жуық ауылда ешқандай интернет жоқ екенін еске салды. Оны шешу үшін Starlink, One Web, SES сияқты шетелдік компаниялармен мемандум аясында қанатқақты жобалар іске асырылмақ.
«Ол ауылдардың мәселесін екі жолмен шешеміз. Бірінші жолы – радиожиіліктер арқылы болады. Екінші жолы – төмен орбиталы жерсерік топтары арқылы интернет жеткізу. 2022 жылдың аяғына дейін интернеті нашар 510 елді мекендегі жағдайды түзейміз. Ал интернет мүлде жоқ 1200 елді мекеннің тең жартысына төмен орбиталы жерсерік топтары арқылы байланыс жеткізіледі», деді ол.