«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бізде де жетісіп тұрғаны шамалы...

Бізде де жетісіп тұрғаны шамалы...

Солтүстік Қазақстан облысындағы 625 елді мекеннің 543-і жыл соңына дейін интернетпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz. Дегенмен, қалған ауылдар келер жылы да интернетсіз отырады. Бұл мәселе біздің ауданда да күрделі...
Осы мақсатта өңірде екі жоба жүзеге асырылып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда облыс елді мекендерінің 410-ы, яғни 64.56%-і түрлі технологиялар бойынша интернетке қол жеткізді. Бұл ауылдарда 273 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Ал 37 мыңнан астам тұрғыны бар 225 ауылда әлі күнге интернет жоқ. Оның ішінде 53-і - халық саны 250-ден асатын үлкен елдімекендер.
Жоспар бойынша жыл соңына дейін 133 ауылда интернет қолжетімді болмақ. СҚО-да екі жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – Қазақтелеком, Транстелекоммен бірлескен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы. Кеңжолақты интернет 75 елдімекенге жетті. Қазір Уәлиханов ауданының Мортық, Қондыбай және Көбенсай ауылдарында тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Мобильді кеңжолақты интернет Beeline, Kcell, Altel, Tele 2 арқылы 70 ауылға қолжетімді болмақ.
Жоспарланған жобалар сәтті жүзеге асқан жағдайда қосымша тағы 32 елдімекенге интернет жетеді. 2021 жылы бұл жұмыстар жалғасын таппақ. Жеті мыңнан артық тұрғыны бар 21 елдімекенге мобильді кең жолақты интернет қосу жоспарланған.
Бұл ауылдардың әрқайсысында 250-ден артық тұрғыны бар. Мамандардың айтуынша, алдағы бір-екі жылда облыстың 95% халқына кеңжолақты интернетпен қамтылады. 20 мыңға жуық тұрғыны бар 172 ауылда бұл мәселе өзекті қалмақ. Олар 2021 жылдың жоспарына енген жоқ.
05 қараша 2020 ж. 399 0