№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауылды жерлерге интернет жеткізетіндерге субсидия бөлінеді – министр

Ауылды жерлерге интернет жеткізетіндерге субсидия бөлінеді – министр


Министрдің айтуынша, интернет сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында 17 жылжымалы өлшеу кешендері сатып алынуда
Ауылда интернетті үйге дейін жеткізу шараларына субсидия бөлінеді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы".

Бүгінде ауылдық елді мекендерде сымды телефония қызметі және пошта қызметтері жыл сайын 8 миллиард теңгеге субсидия алып отырады.
"Енді, біз телеком оператораларына мотивация ретінде оптикалық байланыс және басқа да технологиялар арқылы қосылған интернетті ауылдағы үйлерге дейін жеткізуді субсидиялайтын боламыз. Нәтижесінде ауыл адамдары қазіргі заманғы көрсетілетін қызметтерді еркін пайдаланатын болады", – деді Мусин сенатта өткен үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, ауылдарда кең жолақты байланыс желілерін салуға арналған қаражатты осы жұмысқа қайта жұмсағаны үшін салықтық жеңілдіктер беру ұсынылып отыр. Ал интернеттің сапасын бақылау үшін арнайы қызмет іске қосылды. Осылайша, халықтық бақылау болады, мемлекеттік қадағалау да күшейеді.
"Интернет сапасына халықтық бақылау жүргізу үшін байланысы бар сервис іске қосылды. Яғни, қазіргі кезде кез келген азаматтың смартфон арқылы интернеттің кемшіліктерін бізге жолдап отыруға мүмкіндігі бар. Осы уақытқа дейін 50 мыңнан астам адам осы қызметті қолданып үлгерді. Сонымен қатар, мемлекеттік бақылауды жүргізу мақсатында 17 жылжымалы өлшеу кешендері сатып алынуда. Премьер-министр бізді қолдады. Осы жылдың аяғына дейін сол кешендерді сатып аламыз", – деп атап көрсетті Мусин.



16 қазан 2020 ж. 516 0