№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудан тұрғындары нені білу тиіс?

Аудан тұрғындары нені білу тиіс?


Құрметті кент тұрғындары, қазіргі таңда жаз мезгілі басталуына орай су пайдалану көлемі ұлғаюда.
Оның себебі, тұтынушылардың ауыз суды бау - бақшаға, жасыл желекке, құрылыс жұмыстарына көптеп пайдалануда.
Кей тұрғындардың суды арнайы техникалық келісім - шартсыз, мерзімсіз пайдаланудың әсерінен су қысымының төмендеу жағдайлары жиі орын алуда.
Биылғы жылы кентке ауыз су берудің 3 ші кезеңі жүруде.
Осыған байланысты, ОДСП Арал Жаңақорған аудандық бөлімшесі тарапынан Жанпейісов, Мұхаммеджанов, Түйменұлы, Аралбаев, Нарымбетов, Мұсаханов, Қорғантоғай, Жеңіс көшелеріне арнайы техникамен су тасуды үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы жылы кенттің көркейту көгалдандыру жұмыстарына жауапты жеңімпаз мекеме мамыр айының басында анықталып,
21.05 2021ж бастап
аяқ су насосын іске қосты.
Алдағы уақытта тұрғындармен келісе отырып әр аптаның сенбі, жексенбі күндері таң сағ,
09:00 ден кешкі сағ, 19:00 ге дейін аяқ су беруді жоспарлап отырмыз.
Кент тұрғындарын ауыз суды үнемді пайдалануға шақырамыз!

Кент әкімдігі


28 мамыр 2021 ж. 1 034 0